Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2022

Жуалыда «Ай мен Айша» қойылымы сахналанды

0

Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы шоқтығы биік шығармалардың бірі – «Ай мен Айша» романының желісімен ауданда драмалық қойылым сахналанды. Айта кету керек, аталған көркем шығарманың режиссері – Ерболат Қаттебеков, -деп жазады  «Zhambylnews» АА.

Шығарманың прьемерасы «Жуалы» халық театрының қоюымен аудандық «Достық» мәдениет үйінде болды.
Драмалық қойылымның өн бойында Ұлы Отан соғысындағы халықтың ауыр тұрмысы, сондағы замана бейнесі, адамдардың болашаққа деген үміті мен ұмтылысы, арман-аңсары тұтастай өріліп отырады. Сонымен қатар, майданның қамын жасап және тылдағы адам төзгісіз ауыр еңбектің барлық ауыртпалығын бастан өткізген ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысы сәтті суреттеледі.
Даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының басты қаһармандарының бірі – Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда, соғыс мұңы, соғыс қайғысы сол тұста барлық отбасының басынан өткені белгілі. Сол тұста соғыс өртіне шарпылмаған бірде-бір жанұя болмағанын ескерсек, соғыс қайғысы Алатаудың етегінде отырған шағын ауылды, оның ішінде, Мұртаза мен Айшаның отбасын да айналып өткен жоқ. Солақай саясаттың кесірінен бұл отбасының тірегі болып жүрген Мұртаза «халық жауы» атанып, итжеккенге айдалып кете барады. Айдауда ғұмыр кешкен отағасының аманаты – үш баланы қалайда аман-есен жетілдіріп, азамат қатарына қосуды өмірлік мақсат еткен Айша ананың бейнесі – міне, шығармадағы да, оның негізінде қойылған драмалық қойылымның да басты өзегі осы. Бұл жалғыз Айшаның ғана тағдыры емес, елдің тұтас тағдырын бейнелейтін шығарма ретінде де әрбіріміздің жүрегімізден орын алатыны даусыз.
Сонымен сәрсенбінің сәтті күні алғаш рет көрерменге таныстырылып, сахналанған «Ай мен Айша» қойылымы аншлагпен өтті деуімізге әбден болады. Себебі, оны көруге келген өнерсүйер қауымның бет-жүзінен, көңіл-күйінен аңғару қиын емес. Бұл күні мәдениет үйінде ине шаншар орын болған жоқ.
Спектакль – жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен Ана мен баланың, сол тұстағы қиын кезеңді бастан кешірген ауыл адамдарының ащы өмірін арқау етеді. Ең бастысы, әрине, бұл шығарма автор – Шерхан Мұртазаның аяулы анасы Айшаға сөзбен тұрғызған керемет ескерткіші деп білген жөн. Аспандағы Ай – екеуінің де ажырамас сырласы, өмірінің куәгері.
Халық жазушысы, қасиетті Жуалы жерінің даңқын асқақтатып, осынау өлкені жүрегінде әлдилеп өткен аяулы тұлға – Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналып сахналанған «Ай мен Айша» драмалық шығармасын көрермен жылы қабылдап, толғаныспен тамашалады.
Қойылым соңында аудан әкімі Жалғас Мұртаза сөз сөйлеп, Шерхан Мұртазаның шығармашылығына тоқталып, жаңа қойылым туралы да өз ойын білдірді. Сонымен қатар, «Жуалы» халық театрының шығармашылық ұжымына табыс тіледі. Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығы орталығының режиссері Нұралы Абдуллаев өз сөзінде, Жамбыл облысында барлығы 16 халықтық атағы бар театр ұжымы болса, оның ішінде, «Жуалы» халық театрының шоқтығы биік екенін жеткізіп, ұжымның алар асуы алда екеніне тілектестік білдірді.
Қойылым туралы өңірдің еңбек ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары – Әбілқасым Ергебеков, Аманжол Дүрәліұлы, Болатбек Қайыпбеков ой-пікірлерін білдіріп, тау тұлға, қазақ әдебиеті мен руханиятының ірі тұлғасы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойының жөні бөлек екенін жеткізді.

Сообщение Жуалыда «Ай мен Айша» қойылымы сахналанды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net