Таразда ірі өрт: базардағы сауда бутиктері мен асхана жанып жатыр
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт туралы қоңырау таңғы сағат 07:52-де түскен. Өрт Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесі бойындағы "Береке" базарының асханасы мен сауда бутиктерінен шыққан.
"Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдарынан оқиға орнына 56 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 08:30-да өртсөндірушілердің бірлескен күшімен оқшауланды, өртті сөндіріу жалғасып жатыр", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жалобы Тараза / Тараз в объективе (@taraz_v_obektive)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
