Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2022

Ердоған: Қазақстандағы оқиғаларды мұқият бақылап отырамын

0

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстандағы тұрақтылықтың бүкіл аймақ үшін маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы ол Мәжіліс спикері Ерлан Қошановпен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс сайты мәліметінше, Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркияның Изник ​​қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқан. Шара аясында Қошанов Түркия басшысымен кездесті.

"Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Бұл көбіне сіз бен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арасындағы достық қарым-қатынас пен жемісті диалогтың нәтижесі. Сіздің Қазақстанға биыл қазанда жоспарланған сапарыңызды асыға күтеміз. Мен бұл сапар бауырлас елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, оларды одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдімін", - деді Ерлан Қошанов Ердоғанға сөйлеген сөзінде.

Өз кезегінде Түркия президенті Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы және жалпы түркі әлемі үшін рөлін жоғары бағалады, сондай-ақ Мәжіліс төрағасына IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысқаны үшін алғыс айтты.

"Қазақстандағы тұрақтылықтың бүкіл аймақ үшін маңызы зор. Осыған байланысты мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырған реформалардың маңыздылығын және оның кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын жоғары бағалаймын. Мен сіздің елдегі оқиғаларды мұқият бақылап отырамын. Жалпы, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынас жоғары деңгейде, бұл мәселеде парламентаралық ынтымақтастыққа үлкен мән беріліп отыр", - деді Ердоған.

Мәжіліс төрағасы Қазақстанның кезекті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге өтініш білдіргенін айтып, түркі жұртшылығы бұл ұсынысты қолдайтынына сенім білдірді. Мәжіліс спикері Түркияның экс-премьер-министрі Бинали Йылдырыммен де кездесті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net