Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2022

Қарағандыда полицей жұмыстан шығу үшін өзіне "шабуыл жасаған"

0

Қарағандыда учаскелік полиция инспекторы құқық қорғау органдарынан шығу үшін өзіне шабуыл ұйымдастырған. Қылмыс туралы әдейі жалған хабарлама жасаған полиция аға лейтенанты сотта жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 жастағы учаскелік полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралған. Аға лейтенант Қарағанды ​​полициясының Михайловский бөлімінде 2019 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ал биыл мамырда ол өзіне жалған шабуыл ұйымдастыруды ұйғарған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол осылайша құқық қорғау органдарынан жұмыстан шыққысы келген көрінеді.

Құқық қорғау органының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс кінәсін толық мойындау туралы процессуалдық келісіммен сотқа жолданған. Сотта айыпталушы шабуылды танысының көмегімен ұйымдастырғаны белгілі болды. Биыл 22 мамырда полиция инспекторы танысына өзіне пышақ жарақатын салуды сұраған. Ол бұл оқиға билік өкіліне шабуыл жасау әрекетіндей болып көрінгенін қалаған.

Сол күні кешкісін қаланың орталық саябағында оңаша қалған учаскелік полиция қызметкері өз жоспарын жүзеге асыруға бел буған. Танысы полицейдің ішін, қолының білек тұсынан бірнеше рет жаралап, оң иығына пышақпен бір рет тікелей соққы берген. Сондай-ақ, полицей өзін 3-4 рет ұруды өтінген. "Қарақшы" кеткеннен кейін полицей 102 нөміріне қоңырау шалып, оған шабуыл жасалғанын хабарлаған. Дерек бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 2-бөлігі "Билік өкіліне қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотталушының әріптестері қарақшыны іздеуге кіріскен. Өйткені, қасақана жалған хабарлау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білген учаскелік полиция қызметкері тергеуші кабинетінде шабуылға қатысты берген айғағын растаған. Алайда кейін полицей өз ісін мойындаған.

Іс жүргізу келісімін зерттеп, жауапкерді тыңдап, Қазыбек би аудандық соты оны тағылған айып бойынша кінәлі деп тапты. Сот кінәсін толық мойындап, өкінуін, сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, оған 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгілеген. Сондай-ақ, сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және "полиция аға лейтенанты" арнайы атағынан 3 жылға айырды. Сонымен қатар, сотталушы жаза мерзімінде жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net