Түркістан облысының әкімі қызметіне екінші үміткер кім болғаны айтылды
Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына барды. Олар Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиынына қатысты.
"Әлихан Смайылов депутаттарға президенттің Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидатты - Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдыны қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың екі жүзі Дархан Сатыбалдының кандидатурасына, сексен алтысы депутат Ұласбек Сәдібековке дауыс берді", - делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды. Фото премьер-министрдің баспасөз қызметінен
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
