Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2022

«ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды

0

Еліміздің барлық өңірін дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды  Үкіметтің ресми сайты .

Ол Үкімет басшысының тапсырмасымен арнайы құрылған. Комиссия құрамына жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері кірді.

Комиссия елімізде маңызды орын алып отырған жанармайдың жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды анықтады. Мәселен, негізгі себептердің бірі отын тұтынудың айтарлықтай өсуі болып отыр, бірінші кезекте шетелдік транзиттік көлік отынды көп тұтынады. Екінші себеп – бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты Қазақстаннан көршілес елдерге дизель отынының жіберілуі.

Мысалы, Қазақстанда дизельдің бір литрі – 230-260 теңге, ал Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі жанармай бекеттеріндегі баға 440 теңгеге дейін жетеді.

Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан, бұл өңірлерде отын сату көлемінің қысқаруына әкелді, өйткені оны сатып алу жанармай бекеттері үшін тиімсіз болды.

Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз», Petrosun компаниялары, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары тарапынан өндіру, маркетинг және логистикада жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар анықталды.

Жағдайды қалыпқа келтіру және жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығын толық қамтамасыз ету үшін бірқатар жедел және ұзақ мерзімді шаралар қабылданды:

дизель отыны өндірісінің көлемі биыл 5,2 млн тоннаға дейін ұлғайды, бұл 2021 жылға қарағанда 340 мың тоннаға жоғары;

мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жөнелту көлемі ұлғайтылды;

«Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен дизель отынының қосымша көлемін жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді;

Шымкент МӨЗ-дің өндірістік қуатын кеңейту жоспарланған;

2023 жылдан бастап МӨЗ жұмысының жаңа схемасына кезең-кезеңмен көшу жоспарланып жатыр, оның аясында мұнайды зауыттарға тікелей жер қойнауын пайдаланушылардың өзі жеткізеді немесе мұнай МӨЗ-ді тікелей сатып алу жолымен жеткізілетін болады.

Бұдан басқа, Энергетика министрлігі мен жанармай бекеттерінің ірі желілерінде колл-орталықтар ашылды, онда қазақстандықтар бағаны негізсіз көтеру және жанар-жағармай материалдарын сатудан бас тарту фактілері туралы хабарлай алады.

Уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы М. Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі А. Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, Энергетика министрлігі мен ҚМГ компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынастары бұзылды.

Бұл мәселе – Үкіметтің ерекше бақылауында, қыркүйек айының басында жағдай тұрақталады деп күтілеуде.

Сообщение «ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net