Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2022

Министрлік Лаоста "құлдыққа түстім" деп шағымданған Қазақстан азаматының арызы бойынша іс қозғалғанын хабарлады

0
Лаоста құлдыққа түстім деп шағымданған Қазақстан азаматының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде жексенбі күні ішкі істер министрлігі хабарлады.


Бұған дейін Анель Бермағанбетова есімді Қазақстан азаматы әлеуметтік желіде пост жариялап, Лаостағы үйлердің бірінде төрт күннен бері қамалып отырғанын хабарлаған. Айтуынша, оны жақсы қызмет береміз деп алдап, құлдыққа салмақ болған.


"Әлеуметтік желіде Қазақстан азаматының Лаостағы жағдайы жөнінде пост жарияланды. Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бап, 1-бөлігі бойынша ("Адам ұрлаумен байланысты емес бостандықтан айыру") қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады. Оқиға жөнінде Қазақстан сыртқы істер министрлігіне хабар жіберілді. Жәбірленушінің бауырымен байланыс орнатылды. Бұдан бөлек, Қазақстан консулдығындағы департаментке хат жіберілді" деп жазылған министрлік хабарламасында.


Бір күн бұрын Анель Бермағанбетова Лаостағы ғимараттардың бірінде төрт күннен бері қамалып отырғанын айтып, жұмыс берушінің өзін алдап кеткеніне шағымданған еді. Айтуынша, ол Лаосқа клиенттермен жұмыс бойынша менеджер қызметіне орналасуы тиіс болған. Алайда жұмыс беруші енді оны ешқайда жібермейтінін, себебі оған 9 мың доллардан астам қаражат кетіргенін айтқан.


"Мен Лаос мемлекетінде тұтқында отырмын. Мұнда жалға алынған арнайы аумақ бар екен. Сол жерде осындай заңсыздықпен айналысады" деп жазды Бермағанбетова.




Жергілікті ақпарат құралдары Анель Бермағанбетованың актриса екенін жазды.


Қазақстан СІМ 21 тамызда түстен кейін хабарлама таратып, Әнел Бармағанбетоваға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, қазір мәселені шешуге күш салып жатқанын айтты. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі Лаостың сыртқы істер министрлігіне шығып, азаматқа барынша көмек көрсету туралы тиісті нота жолдаған. Лаос полициясы мәселені қолға алған. 22 тамызда елшілік Лаостың СІМ мен ІІМ өкілдерімен келіссөз жүргізеді. 


"Біздің отандасымызға еш қауіп жоқ, ол дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Оның ақпараты бойынша, құжаттары мен телефонын алып қоймаған, телефон мен интернет байланысын шектемеген, сондай-ақ күш қолданбаған. Таиландқа және одан әрі маршрут бойынша ол өз еркімен келді. Сондай-ақ, оның айтуынша, егер жұмыс берушілер оның ұшуына, тұруына және басқа да шығындарына жұмсаған қаржысын өтесе, оны жіберуге дайын" деп жазылған ведомство хабарламасында. 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net