Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2022

"Жанболат Мамайдың ісі": Прокуратура Инга Иманбайды қорғаушы мәртебесінен айырды

0
Алматы прокуратурасы белсенді Инга Иманбайды күйеуі Жанболат Мамай ісінде қорғаушы мәртебесінен айырды. Бұл жөнінде белсенді 21 шілдеде Facebook парақшасында хабарлады.


Оның айтуынша, прокуратура өкілдері оған іс бойынша куәгер екенін алға тартқан. Инга Иманбай сол себепті бейсенбі күні күйеуіне кіре алмағанын да хабарлады. 


– Сылтаулары: 4 қаңтар күні Жанболатпен бірге митингіге шыққан мен іс бойынша куәгер екенмін-мыс. Иә, заңды күйеуіме қарсы куәлік етуге мәжбүрлемек болғандары рас. Бірақ, мен Жанболатқа қарсы куәлік беруден бас тартқанмын, іс бойынша жақын туысыма куәгер болмау менің заңды құқығым. Енді жарымды заңсыз, жаламен түрмеге қамағандары аздай, өзімді ұрып-соғып қанағадары аздай, менің заңды құқығымды осылай аяқ асты ету керек пе?! Бұл не деген сұмдық? - деп жазды Инга Иманбай. 


Ол жазбасында президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Алматы полициясы бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов және Адам құқықтары уәкілі Эльвира Әзімованы белгілеп, күйеуі екеуінің құқықтарын бұзбауға үндеген. 


"Медиазона" сайтының жазуынша, прокуратура құжатында Инга Иманбайдың 4 қаңтарда "Алматы арена" спорт сарайы маңында күйеуі Жанболат Мамаймен бірге митингіге қатысқаны жазылған. 6 сәуірде белсенді тергеуге шақырылған. Алайда Инга Иманбай Қылмыстық-процестік кодекстің 74-бабына сүйеніп, күйеуіне қарсы куәлік беруден бас тартқан. 


Инга Иманбайдың адвокаты прокуратура қаулысына шағым түсірмек. 


Алматы прокуратурасы түсініктеме бермеді.


Тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі, 34 жастағы Жанболат Мамай биылғы 26 ақпаннан бері қамауда жатыр. Белсендінің жақтастары бұл істердің саяси астары бар деп санайды.


Қамауға дейін Мамай Қылмыстық кодекстің екі бабы: "Билік өкілін қорлау" (378-бап) және "Жалған ақпарат тарату" (274-баптың 2-тармағы) баптары бойынша айыпталып, күдікті ретінде тергеліп келген. Қамалған соң оған Қаңтар оқиғасына байланысты тағы екі бап бойынша айып тағылған. Ол "қару қолдану, қирату, өртеу жолымен жаппай тәртіпсіздік жасады" (272-баптың 1-тармағы) және "төтенше жағдай кезінде жаппай тәртіпсіздік жасады" (274-баптың 4-тармағы) деген күдікке ілінді.


Айыпты деп танылса Жанболат Мамай 10 жылға дейін бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.


Осыған дейін Human Rights Watch, Amnesty International, Freedom House халықаралық ұйымдары Қазақстан билігін Жанболат Мамайды босатып, тағылған айыптарды алып тастауға үндеген.


Мамай авторитар үкіметті қатаң сынаумен танылған. Ол "Қазақстанның демократиялық партиясын" құрып, тіркеуге тырысқанын, бірақ билік кедергі келтіргенін айтқан.




 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net