Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2022

Шымкентте алғашқы BI Chess Халықаралық шахмат күні өтті

0

Шымкентте 20 шілде Халықаралық шахмат күні BI Chess қалалық алғашқы рейтингтік турнирі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына арналған турнирдің басты демеушісі және ұйымдастырушысы BI Group инновациялық құрылыс холдингі болды. Компания өкілдері жарысты жыл сайын өткізу мәселесін қарастырып жатқанына тоқталып өтті.
Турнирге 125 жергілікті шахматшылар қатысты: 2-ші және одан жоғары санаттағы шеберлер, сондай-ақ арнайы іріктеу турынан өткен әуесқойлар. Жарыс екі жас санатында өткізілді: 60 жасқа дейін және 60 жастан жоғары.

Іс-шара басталар алдында ақсақалдар қатысушыларға бата беріп, оң тілегін білдірді. Турнирдің қария жастағы қатысушысы Олег Ни өз пікірін былай деп білдірді:
- Мен бұл жерде жастарды көргеніме қуаныштымын. Шымкент өзінің шахматшыларымен және мықты шахмат мектептерімен танымал. Бұл шынымен де адамдарды біріктіретін бекзат ойын. Шахмат ойнауды ешқашан тастамаңыздар дегім келеді!
BI Chess  швейцариялық жүйе бойынша өткізілді. Жарыстағы уақыт бақылау  өлшемі 10 + 5 құрады. Соңғысы әр қатысушыға бір ойынға 10 минут , оның ішіндегі 5 секунд жүріс жасауға берілгенін білдіреді.

Барлық ойын онлайн режимде шахмат турнирлерінің халықаралық базасының ресми сайтында көрсетілді.
Жеңімпаздар ФИДЕ халықаралық регламентіне сәйкес анықталды. Бұл рейтингке кіру - әр шахматшының мақсаты.

Бірінші жас санатында 0,5 балдық айырмашылықпен шахматшы Әбубәкір Жолдасов жалпы 6 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші жас санаты бойынша 8 ұпай жинаған Әбілмансұр Әбділхайыр жеңімпаз атанды.  BI Chess  бірінші қалалық рейтингтік турнирінің нәтижелері бойынша екі санатта бірінші және екі орындарды мыналар иеленді:2 - орын: Алдияр Нысанов3 - орын: Әмірбек Сапаров2 - орын: Нұрасыл Жұмабек3 - орын: Зейнеп Сұлтанбек

Зейнеп:

- Мен Халықаралық шахмат шеберлігімнің деңгейін Мальдив аралдарында қорғадым, қазір Индонезиядағы жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. BI Group компаниясына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, Шахмат күніне жасалған құрметтері үшін алғысымды білдіремін. Барлығы да жоғары деңгейде өтті.

Сондай - ақ турнирдің ең жас қатысушысы Даяна Балтабек және ең жас қатысушысы Сергей Ни марапатталды.
Барлық шақматшыларды құттықтаймыз!
Анықтамалық:
BI Group компаниясы филантропиялық бағдарынан айнымай, 27 жылдан бері қоғам өміріне белсенді түрде қатысып келеді.
Холдинг көптеген әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде: BI-Juldyzai корпоративтік қоры, "Бақытқа апарар соқпақтар" - Алматыдағы тау соқпақтарын абаттандыру жобасы, BI Marathon сияқты спорттық бастамалар, сондай-ақ BI Green эко қозғалысы және тағы басқалар.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net