Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2021

Ауылдарда мемлекеттік бағдарлама аясында мәдени нысандар салынады

0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында өткен кеңесте мәдениет саласын дамыту мәселелері сараланды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA облыс әкімңнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай саладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 538 мәдениет, архив мекемелері жұмыс істейді. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Байзақ ауданының Бурыл, Жетібай, Көкбастау ауылдарында Мәдениет үйлері салынса, Меркі аудандық кітапханасы, Талас ауданындағы Қызыләуіт, Қараой ауылдық клубтар, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Байзақ ауданының мемлекеттік архиві жөндеуден өткен.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Қаракемер ауылдық клубы мен Жалпақтөбе ауылындағы Мәдениет үйі пайдалануға берілген.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында алты мәдени нысанның құрылысы жоспарланған.

— Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Мойынқұм ауданындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, — деді Е.Жүнісбай.

Облыста 270-тен астам кітапхана бар. Қазіргі уақытта 139 ауылдық округте кітапханалар жанынан 204 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған десек, ол жерден ауылдықтар электрондық үкімет қызметін пайдалана алады.

Ағымдағы жылы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 85 жылдық мерейтойын атап өтпек. Облыстық орыс драма театры Керчь қаласында өтетін «Боспор азабы» халықаралық фестивалінде бақт сынамақ. Жыл ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына және тағы да басқа мерейтойларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жүзеге асуда.

Өңір басшысы рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда өнер мен мәдениеттің айрықша маңыздылығына назар аудартты. Ол тиісті басқармасының басшысына аудандық әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

— Демалыс күндері саябақтар, скверлер бос тұрмауы тиіс. Карантиндік шектеулерді сақтай отырып та жақсы дүниелер ұйымдастыруға болады. Бюрократиялық көзқарастардан арылыңыздар. Мәдениет – өте нәзік сала. Бұл саланың өкілдері өз ісіне жан — тәнімен берілуі қажет, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жас ұрпақты кітапханаларға тарту, ондағы кітаптардың шаң басып тұрмауы үшін оқырмандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Бердібек Сапарбаев саладағы кадрлар даярлау мәселесіне де арнайы көңіл бөлді.

Сообщение Ауылдарда мемлекеттік бағдарлама аясында мәдени нысандар салынады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net