Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2021

Байзақ ауданындағы «Дәуіт ата» мешітінде ауыл жамағатымен кездесу өтті

0

«Бейбітшілік және келісім жобасы» аясында «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім — ел әл-ауқатының кепілі» тақырыбында Бурыл ауылдық округіндегі «Дәуіт ата» мешітінде ауыл жамағатымен кездесу өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кездесуде Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог инспекторы А. Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғандығына тоқтала келе, этносаралық толеранттылық, зайырлылық сөздерінің мән-мағынасына түсінік берді.

Сондай-ақ баяндамашы еліміздегі барлық этностар өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға барынша жағдай жасалғандығын, ҚР «Діни қызмет діни бірлестіктер туралы» заңы, халықтардың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу, ауызбіршілік, жат ағымдардың алдын алу, қоғамда берік орнатылған конфессияаралық диалог пен өзара түсіністік экстремизм мен терроризммен күресуге үлкен мүмкіндік беретіндігі турасында ақпарат берді.

Шара барысында қатысушылар кезекпен сөз алып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Ауыл тұрғыны Дәуренбек Есенбаев жастардың діни сауаттылығын арттыру жөніндегі пікірін ортаға салды. Бурыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сады Қуатбеков елімізде, соның ішінде, округте атқарылып жатқан игілікті істер – жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқандығын айтты.

Ауыл тұрғындары Шабанали Сарымамедов пен Яшар Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін көтеру қажеттігін қозғады.

Сондай-ақ, аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизов ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты сақтау, өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезім мен ұлтаралық келісім, төзімділік тәрізді қасиеттерді қалыптастырудағы аға буынның алатын орны үлкен екендігін айтты.

Кездесу соңында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова қатысушылар тарапынан айтылған маңызды сұрақтарға баса назар аударып, бұл бағытта алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Сообщение Байзақ ауданындағы «Дәуіт ата» мешітінде ауыл жамағатымен кездесу өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net