Covid-19 пандемиясы Қазақстан экономикасына едәуір әсерін тигізгені біз айтпай-ақ айқын байқалғаны рас. Ең алдымен елімізде мыңдаған кәсіпкерлер жұмысын уақытша тоқтата тұрды. Соның салдарынан адамдар ақысыз қалып, 42500 жәрдемақыға қарап қалғаны шын. Індет оқуға да айтарлықтай теріс әсерін тигізе отыра, сауатсыздықтың көбейуіне жол ашты десемде болады. Экономика демекші, Қазақстан билігі коронавирустың таралуын тоқтатуға тырысып жатқан тұста елдің экспортқа шығаратын негізгі шикізаты - мұнай күрт арзандап, жығылған үстіне жұдырық болып тиді. Шикізат өндіру саласында бірдей екі проблема пайда болғанға ұқсайды. Әлемдік індетке айналған бұл вирус шоу-бизнес пен киносаласына да кері әсерін тигізді. Ал дәл қазіргі уақытта вирус қаншалықты бәсеңдеді? Сақтық шаралары елімізде...