Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2021

"Агенттік не істейтіні - құпия" - депутат азық-түлік бағасы туралы

0

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда азық-түліктің қымбаттауына байланысты үкіметті бағаны ұстау тәсілдерін өзгертуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтар үшін күнде сатып алатын азық-түлік бағасының өсуі бірінші кезектегі мәселе болып отыр. Ұлттық банк үкіметпен инфляция небәрі 7,2 пайыз болды деп есеп берді, бірақ дүкендерде мүлдем басқа көріністі байқап отырмыз. Жеке азық-түлік өнімдерінің бағасы еселеп өсіп жатыр. 
Жақында халық картоптың келісі 500 теңгеге дейін күрт қымбаттағанда наразы болды. Мысалдарды жалғастыра беруге болады. Үкімет жағдайды мұқият қадағалап, азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін тиісті шаралар қабылдауы керек деп санаймын", - деді Аманжан Жамалов. Ол Палата отырысында вице-премьер Роман Скляр мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринге сұрақ қойды. 

Депутаттың пікірінше, инфляциямен күресу үшін алдымен монополиялар мен картельдермен күресу керек. Мәжілісмен жақында Ресей премьер-министрі бағаның өсуінің негізгі себебі ретінде жекелеген өндірушілер мен сауда желілерінің ашкөздігін атап өткенін еске салды.
"Бұл Қазақстан үшін де солай. Біздің Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігіміз немен айналысатыны құпия болып қала береді. Министрлер де жағдайды түсіндірумен айналысып отыр, бірақ халық әлі айтарлықтай өзгерістерді көрген жоқ", - деді депутат.
Оның айтуынша, төрт ай ішінде монополияға қарсы орган бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, қарақұмық жармасы, сүт өнімдері, тауық еті, макарон өндірушілері мен көтерме жеткізушілеріне 48 хабарлама берген.

"Статистикаға қарайтын болсақ, соңғы 12 айда жұмыртқа 33,7 пайызға, күнбағыс майы 48 пайызға, қант 26,3 пайызға, қарақұмық жармасы 29,4 пайызға қымбаттады. Бұл агенттік хабарлама берген тауарлар. Бізге мұндай "жұмсақ құқықтың" керегі не? Мұндай жағдайда үлкен жұмыс атқарып жатқандай болудың орнына тиімді әрекет ету керек деп санаймын", - деді депутат.

Мәжілісмен үкіметті әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсу себептерін талдауға, бағаның өсуін тежеу бойынша қолданыстағы тәсілдерді өзгертуге, жеткізушілер мен сатушылардың сөз байласуы нәтижесінде бағаның алыпсатарлық өсуіне қарсы күрес жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды.
Сонымен қатар, оның айтуынша, елімізде атаулы әлеуметтік көмекті ұлғайту немесе халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін азық-түлік сертификаттарын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, бағаны ұстау бойынша батыл және тиімді шаралар әзірлеу үшін нақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру (жауапкершілікті дербестендіре отырып), қабылданатын шаралар туралы халықты кеңінен хабардар етуді ұйымдастыру қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net