Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2021

Белсенділердің БҰҰ-ға петициясы: "Имиджге қыруар қаржы жұмсап, мүгедектерді мүлде ұмытты"

0
16 маусымда Нұр-Сұлтанда 20-дан астам адам БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігіне барып, мүгедектердің құқығын қорғау жөнінде петиция тапсырды. Хатта петиция БҰҰ-мен қатар ЕҚЫҰ, ҚР президентіне арналған деп көрсетілген.


Жиналғандар Қазақстанның мүгедектер құқығын қорғау жөнінде халықаралық келісімдерді мақұлдап, ішкі заңдар қабылдағанмен іс жүзінде елде мүгедектер құқығы сақталмай жатқандығын атап өтті.


"Қазақстанның мемлекеттік органдары қолда бар ресурстарды тиімсіз пайдаланады: қыруар қаржыны әртүрлі имидждік іс-шараларға жұмсап, ал мүгедек адамдардың әлеуметтік құқықтарын шешуге бұл ретте аз сома бөлінеді, сол себепті мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тиісі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етпейді" делінген петицияда. 


Олардың пікірінше, Қазақстан билігі "халықаралық ұйымдарды мүгедек адамдардың шынайы хал-ахуалынан хабардар етпейді, шындықты бұрмалайды". Мемлекет мүгедектерді баспанамен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етпейді, көпшілігінің баспанасы жоқ. Олар хатта мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы жаңа заң қабылдау мен мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі Омбудсмен институтын ұйымдастыру қажеттігін атап көрсеткен. 


Петицияға 17 адам қол қойған. 


– Мемлекет мүгедектер жайлы ұмытты. Олар әлеуметтік жағынан қамсыздандырылмаған. Біз мемлекет қолдауын сезініп отырған жоқпыз. Баспана жоқ. Шынымен де өмір сүруге жететіндей жәрдемақы төленбейді. Қазір Қазақстанда мүгедектер 35 мың теңгеге әрең күнін көріп жатыр. Біреудікі 48 мың теңге шығар. Бірақ бұл өте аз. Барлығының жалақыларын көбейтіп жатыр. Экономистер, дәрігерлер. Олар сау адам. Тіпті полицейлер мен әскери қызметкерлерге баспана үшін төлем төлейді. Ал мүгедектерге не үшін сондай жағдай жасамайды? – дейді "Мұра" (Наследие) қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Маржан Абдуллина. 


БҰҰ өкілдігінен Олег есімді қауіпсіздік қызметінің қызметкері шығып, белсенділерден хатты қабылдап алды. Қабылдағаны жөнінде мөр басып беріп, қажетті байланыс телефондарын қалдырды. Оқиға орнына мемлекеттік органдардан ешкім келмеді. 


Нұр-Сұлтан қаласында бұған дейін де мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік жағдайдың нашарлығына шағымданып, наразылық өткізген.


Қарай отырыңыз: "35 мың теңгеге өмір сүріп жүрміз, жұмыс істей алмаймын". Мүгедек адамдар үкіметке наразы (28 мамыр 2021 жыл).




2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі Конвенциясын ратификациялап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты көп міндеттемені мойнына алған. Бірақ кейбір мамандар осы уақыт аралығында мүгедектер жағдайына байланысты айтарлықтай өзгеріс көрмегенін айтады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net