Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2021

"Артық ештеңе сұрап тұрған жоқпыз". Семейде автобус жүргізушілері жарты күн жұмысқа шықпады

0
16 маусымда Семейде Semey Bus автобус паркінің жұмысшылары тағы кезекке шыққан жоқ. Жүргізушілер әлеуметтік жарнаны төлеуді талап етеді. 


— Біз күніне 15-16 сағаттан жұмыс істейміз, артық ештеңе сұрап отырған жоқпыз. Осы уақыт бойы қаншама нәрсе естідік. Зейнетақы жарнасына ақша ұстап қалғанмен неге ол бізге түспейді? Қандай негізде? Салық органдары қайда қарап отыр? Не үшін екі жылда жағдай өзгермеді? Соншама қаражат. Зейнетақы қорындағы ақша қайда кетіп жатыр? — деді наразылар. 


Наразылармен кездесуге қала әкімінің кеңесшісі Димитрий Гариков, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов келді. 


Димитрий Гариков жұмысшыларды түске дейін күтуге үндеп, өзінің екі апта бұрын ғана қызметіне кіріскенін айтты. "Кәсіпорынның мәселелерімен танысып жатқанын" жеткізді. 


— Мәселе заң жүзінде қалай шешілуі тиіс, қазір соны қарастырып жатырмын. Сот процесі өтіп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін қанша уақыт керектігін анықтап, айтамын. Сот шешімі қашан шығады, субсидия, несие мәселесі шешіле ме, шешілмей ме? Сіздердің зейнетақы жарналарыңыз кәсіпорынға байланысты. Егер қаржыны үлестіру мәселесін әкімдік бөлімі шешсе, олармен зейнетақы жарнасының түспеу мәселесін талқылаймыз, – деді Гариков.  


Наразылар әкім кеңесшісінің сөзіне ашуланды. 


— Өткенде біз бәрі шешіледі деген соң жұмысқа шыққанбыз. Әлі күнге дейін шешіп жатырсыздар. Бәрі келеді де, уәде беріп, кетіп қалады. Сіз уәде берген алғашқы адам емессіз. Қала басшысының өзі уәде берген, – деп айқайлады топтың ішінен.


16 маусым күндізгі сағат 12-де әкімдік өкілдері жұмысшылардың кезекке қайта шыққанын хабарлады. Semey Bus компаниясының баспасөз хатшысы Айнұр Сәбитова "жүргізушілер мәселеге ақпарат құралдарының назарын аударту үшін ереуілге шықты" деді. 


— Адамдар шағымданып жатыр, бірақ басшылық бұл жөнінде алдын ала білген жоқ. Кешірім сұраймыз. Әкімдік әдеттегідей бәрін шешуге уәде берді, жұмысшылар қаланы қозғалыссыз қалдырмас үшін линияға кетті, – деді баспасөз хатшысы. 


Semey Bus автобустары ереуілге шыққан кезде жолаушыларды "Семавтопарк" паркінің жұмысшылары тасыған. Жұмысшылар талаптарының бірі осы автопаркті жабу, себебі онсыз да ақша жетіспей жатқан кезде олар жолаушылар мен ақшаны орта жолдан қағып алып кетеді. 


2019 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеп келе жатқан Semey Bus автопаркінің 49 пайызы - Семей қаласы әкімдігіне, 51 пайызы "Семей" автобус паркі" компаниясына тиесілі. Автопарктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 633 млн теңге. Компания қаладағы автопаркті жаңарту үшін құрылған. "БРК-Лизинг" арқылы 170 автобус алынған. Бұған дейін жүргізушілер ереуілге шығып, жалақының кешіктірілуіне, зейнетақы мен медициналық жарнаның төленбейтіндігіне, жұмысшылардың құқықтары бұзылатынына шағымданған. 


Елде коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде кейбір жұмысшылар жұмысынан айырылған, бірақ олар зейнетақы жарнасының болмауына байланысты мемлекет төлеген 42500 теңге қаржылай көмекті ала алмаған. 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net