ДДСҰ: Коронавирустан көз жұмғандар статистикалық мәліметтен екі-үш есе көп
![ДДСҰ: Коронавирустан көз жұмғандар статистикалық мәліметтен екі-үш есе көп](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/05/22/210522104824180e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2020 жылдың аяғында коронавирустан көз жұмғандар саны кем дегенде 3 миллион адамды құрады. Алайда көз жұмғандар саны бұл ресми мәліметке қарағанда 1,2 миллионға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.