Димаштың жанкүйерлері "Самалтау" әнін украин тілінде орындады
Елшіліктің баспасөз қызметіндегілер Димаш алғаш рет "Самалтау" әнін 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында "Жібек жолы" халықаралық кинофестивалінің жабылуында орындағанын атап өткен.
"Музыканттардың қазақ халық аспаптарында орындаған композициясы қазақ халқының қайғылы тарихын баяндайды", - деп жазады елшіліктегілер.
Ал енді оны Димаштың украиналық жанкүйерлері орындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ірина (@ir.luna)
Әлемге танымал Димашты жақсы көретін жанкүйерлері оның әнін алғаш рет орындап тұрған жоқ, деп жазды елшіліктегілер. Дүниенің әр түкпіріндегі тыңдармандары оның әндерін өз тілінде орындайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
