Ұлттық Университеттің халықаралық мүмкіндіктері
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет – кең салалы, әрі жан-жақты мамандандырылған оқу орны. Әлемдік жоғарғы оқу орындарының рейтингін анықтайтын «QS World University Ranking 2021» нәтижесі бойынша бұл оқу орны әлемдік университеттер қатарының ішінде 165 орынға ие болды. Бұл университетіміздің елеулі жетістігі болып табылады, себебі Қазақстан бойынша осындай алдыңғы қатарда, ең үздік 200 университеттің қатарына еңген бірден бір оқу орны болып табылады.
Қазақ Ұлттық Университеті барлығы 16 факультетте 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Ұлттық университеттің физика-техникалық факультеті – ғимарат көлемі жағынан да, студенттер саны бойынша да ең ірі, әрі атақты факультет болып саналады....
