Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің үздік классикалық университеті!
Талай түлектің арманына айналған ҚазҰУ-да оқу мүмкіндігі бұйырды. Аллаға шүкір. Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұр, мен өзімнің осы күннен бастап жаңа өмірге араласа бастағанымды сезіндім. Осылайша менің студенттік өмірім басталып та кетті...
Студенттік шақ деген әлдебір романнан немесе әлдебір ауызекі әңгімелерден естіп жүрген қызықты да байыпты шаққа еніп, тағы бір қадамымызды жасадық. Алматыдай үлкен қалаға келіп жалғызсырау, бөтенсіну деген жағымсыз әсер атымен жоқ. Сіз білсеңіз, ондай ой оқу ордасына, киелі шаңыраққа қадам басқан сәттен бастап-ақ жоқ болады....
