Қараш
Жеті жасар Қараш қара күшігін жетектеп ауылдан шықты. Күн бүгін жылы. Жіпсік қар аяққа жабысады. Асынып алған ойыншық мылтығы бар. Ол өзін аңшы Сұраған атайға ұқсатып, іштей мәз болып келеді. Жалбыр жүн қара күшік салпылдаған құлақтарын елеңдетіп, із кесіп жүгіргендей болады.
Бұлар біраздан соң тоғайға кірді. Қара күшіктің бұдан әрі барғысы келмейтін тәрізді. Жұлқа тартып, үйге қашпақ ниетте. Бірақ Қараш оны жібермейді, әкесінің даусына салып, ұрсып қояды.
— Өзіңді сабап алса, обал емес, — дейді.
Сұраған аңшының қара тазысының күшігінің құйрығының ұшы, төсі де ақ, ұрты салбыраңқы, енесінен аумайды. Ал Қараш болса Сұраған аңшыдан аумайды. Бірақ Сұрағанның құндағы жарылған қара...
