СҚО-да індет жұқтырғандар саны 7% асып кетуіне байланысты карантин күшейді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты бірқатар нысандардың жұмысына шектеу қойылып, сауда, қызмет көрсету орындарының және ауыларалық қоғамдық көліктің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.