Білімнің іргетасы - бастауыш мектеп
Мектеп туралы ондағы ерекше құбылыстар турасында
Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп
Түркістан қаласының «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінде «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» өтті.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Оқушылардың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар, тәрбиешілер әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп, сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе, «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болуы керек. Сол...