Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2020
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23 24
25
26
27 28 29
30

"Төтенше жағдай режимін бұзды" деп айыпталған адвокат Закир Асадовтың ісі қысқартылды

0
17 сәуір күні Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты "төтенше жағдай режимін бұзды" деп айыпталған адвокат Закир Асадовтың ісін қарауды қысқартты. Асадов – осыған дейін "төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін" 35 күнге қамалған белсенді Руслан Жанпейісовтің адвокаты. Асадов белсенді сотынан кейін сыртта журналистерге комментарий бергені үшін айыпталған.


Қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбінің Азаттыққа айтуынша, полиция Закировке Әкімшілік кодекстің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бабымен айып таққан. Сот адвокаттың іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық болмаған соң істі қысқартқан.


Сот елдегі карантинге байланысты онлайн режимде өтті. Іске Қазақстанның әр аймағынан бес адвокат қатысып, айыпталушы Закир Асадовтың құқығын қорғаған. Асадов айыптаумен келіспеген.


- Асадовтың қала аумағында қойылған блокбекеттерден өтуіне рұқсаты бар. Асадов блокбекеттерден өту үшін жеке көлігімен қала көшелерінде жүрген. Полиция оны сол үшін айыптаған. Екіншіден, 15 сәуір күні Асадов қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсесінен өз қорғауындағы белсенді Руслан Жанпейісовтің ісі бойынша шыққан қаулыны алған. Сот ғимаратынан шығып, іс бойынша журналистерге комментарий берген. Мұны полиция төтенше жағдай кезінде адамдарды топтастырды деп санаған, - дейді Закировтың адвокаты Болат Досыбеков.


14 сәуір күні кешке Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенді Руслан Жанпейісовті (шын аты-жөні Бейбарыс Райымбеков – ред.) Әкімшілік құқық бұзушылық  кодекстің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бабымен – 10 тәулікке, "Төтенше жағдай кезінде құқық бұзуға итермелейтін әрекеттер" бабымен 25 тәулікке қамаған. Сот белсенді 12 сәуір түнде тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан бөлек көшеде жүріп, төтенше жағдай режимін бұзды және карантин кезінде енгізілген тәртіпке қарсылық білдіріп, полиция қызметіне кедергі келтірді деп айыптаған.


15 сәуір күні қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты түнде Жанпейісовпен бірге көлікте болған Әділ Нұрғалиевті де “Төтенше жағдай ережесін бұзды” деп 5 тәулікке қамады. Руслан Жанпейісов – полицейлердің әрекетін видеоға түсіріп жариялаумен танылған белсенді.


Қазақстанда коронавирустың тарауына байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланып, елдің басым бөлігінде карантин енгізілген. Жұрттың көшеге шығуына тыйым салынған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net