Ұстаным - түсіне білгенге, адамның бет - бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе!? Адамдарды ұстанымына қарап, оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін пайымдауға болады. Кей кездері керісінше, соншалықты қарабайыр екені де байқалынып қалады. Мен өз ұстанымым туралыы ой өрбітсем: «Ешкімнің ала жібін аттамау», «Сырға берік, досқа адал жақсылыққа жақын болып, адамдарға болысу» мұраттарын көздедім. Адам болып дүние есігін ашқан соң, адам боп қалу борышымыз емес пе?! Қалай ойлайсыз, келісесіз бе?! М. Хакімжанова жырлағандай: «Сан ғасырдың айғағы өзгермейтін, Сен адамның досысың мәңгі өлмейтін...» Бір күрсіндіретіні, бүгінгі дүбірлі дүрбелең әлемде кісілік азайып бара жатқандай көрінеді. Мектепте, көшеде, тіпті қоғамдық орындарда дарақыланып күлген,...