Иттің күшіктері
— Дәл қазіргі жағдайым сыралғы боларлық бір серігі жоқ қаңғыбас иттің жағдайынан да жаман болып тұр, енді, — деп ойлады жабайы ит Дингоның күшігі Джимми.
Хайуанаттар бағындағы қысқы торқамаудың ішіндегі алаңқай абыр-сабыр. Қызметшілердің барлығы тынымсыз әрекет үстінде. Күтушілердің әрқайсысы өздері тәрбиелеп жүрген хайуанаттарын алдағы маусымның жаңа тәртібіне даярлап әлектенсе, жұмысшылар жазғы алаңқайларды ыңғайлаумен әуре.
Джиммидің арғы ата-бабаларын осыдан төрт мың жылдай бұрынырақта теңіз қарақшылары Малай архипелагтарынан Аустралияға алып келген болатын. Жабайы ит Дингоның арғы тегінің өкілдері сол кездің өзінде-ақ адамдардың сенімді серігі болып, аң аулауға жәрдемдескенге ұқсайды. Қазіргі кезде жабайы ит Дингоның қандастары Тайланд, Индонезия, Бирма, Лаос, Филиппин мен Малайзияда...
