Добавить новость
123ru.net
World News
Декабрь
2019

Өзбекстан Шымкенттегі зауытқа 4,6 миллиард теңге инвестиция құйды

0

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ИИД МБ, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент пен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ету аясында өңірге жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Шымкент қаласында Үкімет басшысы "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ және "Alliance Textile" Өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны - "Alliance" Сауда-өнеркәсіп палатасы" ЖШС жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.

Жоба биыл маусым айында ҚР және ӨР үкіметтерінің арасында бірлескен тоқыма кластерін құру туралы қол жеткізілген келісімдер аясында іске асырылды. Тараптардың күш-жігерінің арқасында қысқа уақыт ішінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық қызметтер тартылды, бұл көп жылдардан бері жұмысы тоқтап тұрған фабриканы іске қосуды қамтамасыз етті.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға "қарапайым заттар экономикасын" дамыту міндетін қойды, онда жеңіл өнеркәсіпке ерекше рөл беріледі. Біз оның алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз", - деді Мамин.

Премьер-министр фабриканы іске қосу Қазақстанның тоқыма кластерін дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді. 
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Өзбекстанның тоқыма өнеркәсібін дамытудағы оң тәжірибесін ескере отырып, биыл 22 маусымда өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы аясында Шымкент қаласында тоқыма кластерін бірлесіп іске қосу туралы келісімге қол қойылды", - деді Үкімет басшысы. 

Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобаға өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 миллиард теңге. 
Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі Жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстанда өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттыруды қамтамасыз етеді және 800 жаңа жұмыс орнын құрады. 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында Асқар Мамин жылдам әзірленетін тамақ өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. 

Әлемдегі аса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші - "CG Foods Central Asia" компаниясы жобаға 5,7 миллиард теңге инвестиция салды және 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мың тоннадан асады. Өндіріс процесінде тек отандық шикізат пайдаланылады. Өнімді ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықтарға да жеткізу жоспарланған. 






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net