Алматыдағы латын қаріпті қазақша жазулар
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ұсыныс жасалған. Түрлі ұйымдар мен жекелеген азаматтар латын қарпіндегі қазақ алфавитінің бірнеше нұсқасын әзірлеп ұсынды. Ширек ғасырдан астам уақыттан кейін, 2017 жылы күзде латын қаріпті жаңа әліпби нұсқасын бекіту туралы сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы шықты. Бірақ қоғам ол жобаны сынағаннан кейін, айтылған ұсыныстарды ескеріп, 2018 жылы ақпанда Назарбаев латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби туралы жаңа жарлық қабылдады. Алайда одан кейінгі талқылаулар түпкілікті шешім қабылдауға әлі ерте екенін көрсетті.
Латын қаріптеріне негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жақын болашақта қабылданады деп жоспарланған. Қазақстанға дейін төл жазуын латын гарфикасына көшірген Әзербайжан мен Өзбекстанның тәжірибесі көрсеткендей, бұл процесс ұзақ уақытқа жалғасуы әбден мүмкін.
