Добавить новость
123ru.net
World News
Декабрь
2019

Елшілік алдында "Тоқаев сөзі үшін кешірім сұрамақ болған" суретшіге полиция кедергі жасады

0
5 желтоқсанда түстен кейін суретші Асхат Ахмедьяров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына байланысты Украина халқынан кешірім сұрау үшін Украинаның Қазақстандағы елшілігі алдына барды. Оның қолындағы плакатта "Ол үшін кешіріңіздер" ("Вибачте за нього") деген жазу және есекке ұқсас жануардың суреті болған.


Алайда елшіліктің күзет полициясы қызметкерлері суретшіге плакатын жаюға да мүмкіндік бермей, акцияны өткізуге кедергі жасады. Олардың бірі суретшінің плакатын тартып алып, бірі суретшіні ұстап, сәлден соң қайта босатты. Бұл ақпаратты оқиға орнында болған Азаттық тілшісі хабарлады.


Елшіліктен екі қызметкер шығып, елшілік маңайында тұрған адамдарға қақпа маңынан әрірек барып тұруға кеңес берген. Аты-жөнін айтпаған екі қызметкер Азаттыққа "әзірге оқиғаға байланысты түсініктеме бермейтінін" айтты. Ал полиция сол күйі суретшіге плакатын қайтарып бермеді. Бұдан кейін суретші Асхат Ахмедьяров көлігіне мініп, кетіп қалды. Полиция түсініктеме бермеді. 


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында "Қырымда болған жағдайды аннексия деп атамаймыз. Аннексия - тым ауыр сөз" деп айтқан. Украинаның сыртқы істер министрлігі Тоқаевтың бұл сөзін сынап, Қазақстанға демарш жолдайтынын мәлімдеді. Украинаның кейбір тұрғындары Қазақстан президентін "Украинаның территориялық тұтастығын құрметтемей, достық жайлы келісімді және халықаралық-құқықтық нормаларды бұзды" деп айыптаған. Ал Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Тоқаевтың "батыл ұстанымын" құптаған. Бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланды. 


Оқи отырыңыз: "Аннексиядан айналып өтпейсің бе, Қасеке?" Тоқаевтың сұхбатына әлеуметтік желі реакциясы


2014 жылы көктемде Ресей Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялап алған еді. Наурыздың 16-сында Ресей Қырымда "референдум" өткізіп, түбекті өз аумағына қосқан. Халықаралық құқық нормаларына сай келмеген бұл шешімді Украина да, әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі де құптамай, айыптаған.​ 


Қазақстан ресми түрде Қырымды Ресей аумағының бөлігі деп таныған жоқ, бірақ бұл мәселе халықаралық деңгейде талқыланғанда көбіне Ресейді қолдап шықты.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net