Добавить новость
123ru.net
World News
Декабрь
2019

Белсендінің "көлігіне иттің басын тастап кеткендерді" табуды талап етті

0
5 желтоқсанда түстен кейін жиырма шақты белсенді Шымкент қалалық полиция департаментінің алдына жиналып, белсенді Нұржан Мұхаммедовтің көлігінің терезесін шағып, дөңгелегін жарып, иттің басын тастап кеткендерді табуды талап етті. Бұл ақпаратты оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.


19 қарашада жергілікті белсенді Нұржан Мұхаммедов белгісіз біреулердің көлігінің терезесін шағып, иттің басын тастап кеткенін айтып, мұны "азаматтық белсенділігімен" байланыстырған еді. Нұржан Мұхаммедовтің Азаттыққа айтуынша, осыған дейін дүкені тоналып, жеке көлігінен телефоны да ұрланған. 


Жиналғандар әуелі департамент алдында өз талаптарын оқыды.  Белсенділердің өтінішін оқыған Данияр Байтілеу департамент басшысы Ералы Жұмаханбетовтен Мұхаммедовке "қоқан-лоқыны" кім жасағанын анықтап, белсенділерді қудаламауды, үйлерін аңдуды тоқтатуды талап етті. Белсенділер департамент басшысы "Ералы Жұмаханбетов халықтың алдына шықсын!" деп айқайлады.


Департамент өкілі белсенділерді ішке телефонсыз кіруге шақырды. Азаттық тілшісіне белсенділер мен департамент басшысының кездесуіне кіруі үшін алдын ала арнайы хат тастау керектігін ескертті. 


19 қарашада Нұржан Мұхаммедов "иттің басын тастаған" белгісіз біреулердің көлік есігінің сыртына балағат сөздер жазып кеткенін де айтқан. Полиция қараша айының соңында белсендінің шағымы негізінде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 


20 қараша күні ондаған белсенді қалалық полицияға келіп, Нұржан Мұхаммедов пен оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен. Олар полицияға 1 желтоқсанға дейін кінәлілерді тауып, табылмаған жағдайда полиция басшыларының отставкасын талап ететіндіктерін айтқан. Ал департамент басшысы белсенділерді қабылдап, істі бақылауға алатынын мәлімдеген.




Нұржан Мұхаммедов бұған дейін Шымкентте билікке қарсы және "Қытайдың Қазақстандағы зауыттарына қарсы" бірнеше рет наразылыққа шыққан (Қыркүйектің басында бірнеше қалада Қытайдың Қазақстандағы 55 жобасына қарсы наразылық шаралары өткен. Кейін билік осы шараға қатысқан ондаған белсендіні әкімшілік жауапқа тартып, бірнеше күнге қамаған). Сот Мұхаммедовті "бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" деп 10 және 5 тәулікке қамаған. Шымкент тұрғыны 2018 жылы шілде айында отбасымен бірге қала әкімдігіне барып, "полицияның қудалауынан шаршағанын" айтып, өзін-өзі өртемек болған. Оны әкімдік қызметкерлері құтқарып қалған еді.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net