Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2019

Халықаралық ұйымдар Балтабайды босату бойынша ғаламдық кампания бастағанын хабарлады

0
Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы IndustriALL одағымен бірігіп, кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабайды босату бойынша ғаламдық кампания бастады деп хабарлады Адам құқығын қорғау бюросы 8 қарашада.


Қазан айында Шымкент соты бастапқыда "Сеніп тапсырған мүлікті иемдену" бабы бойынша жеті жылға сотталып, кейін рақымшылықпен босап шыққан кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабайды 5 ай 8 күнге қамау туралы қаулы шығарған. Бұған дейін Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы кәсіподақ белсендісінің негізсіз қамалғанын мәлімдеп, босатуға шақырған. 


LabourStart сайтында жарияланған шағын мәтінде ұйым өкілдері азаматтарды Ерлан Балтабайға тағылған айыпты алып тастап, босатуды талап еткен хат үлгісіне қол қоюға шақырады.   


"[Халықаралық еңбек ұйымының] Ережелерді қолдану жөніндегі комитеті биыл маусым айында Қазақстанды негізгі еңбек шарттарын бұзғаны үшін (комитет есебінің) арнайы параграфына енгізіп, санкция салды. Шын мәнінде Қазақстанның репутациясы өте нашар және жұмысшылар құқығы қорғалмаған әлемдегі он елдің қатарында" делінген мәтінде. 


Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл хатқа қол қойған адамдардың шағымы Ақорда, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігі және өзге органдар мен ұйымдарға жіберілмек. Сайтта бірақ қазірге дейін қанша хат жолданғаны туралы дерек жоқ. 


Шілде айында Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты "Лайықты еңбек" кәсіподағы мен отын-энергетика кешенінің салалық кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабайды Қылмыстық кодекстің "Сеніп тапсырған мүлікті иемдену" бабы бойынша кінәлі деп тауып, жеті жылға соттаған. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын, істің саяси астары бар екенін айтқан. Ал оның ісін қараған судья "Балтабайдың кінәсі толық дәлелденді" деген.


Сот үкімі шыққан соң қазақстандық құқық қорғаушылар және бірқатар халықаралық ұйымдар Қазақстан билігін үкімнің күшін жойып, белсендіні босатуға шақырған. Құқық қорғаушылар "билік тәуелсіз кәсіподақтар қозғалысын қорқыту және құрту науқанын" жалғастырып отыр деген.


Қазан айында оны бес айға қамаған сот Балтабайдың алғашқы іс бойынша айыппұл төлеуден бас тартқанын алға тартқан еді. Ал Балтабай бұған дейінгі соттарда "өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тырысқанын, бірақ оған мұрсат берілмегенін" айтты.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net