Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2019

"Өз өлімін дәл болжаған". Құлсары мен Баршатас атаулары қайдан шыққан?

0

Шығыс Қазақстан облысындағы Баршатас ауылы мен Атырау облысындағы Құлсары қаласының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы аудандардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады. 
Баршатас - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы ауыл. Ауылда 3 мыңға жуық адам тұрады.
Алғашқыда Баршатас "Жаңа дәуір" колхозы, ал 1932 жылдан 64 жыл бойы бұрынғы Шұбартау ауданының орталығы болған. Тек 1997 жылы Шұбартау ауданы таралып, Аягөз ауданына екінші рет біріктірілгенде селолық округ атанған.
Ауыл туралы аңыз

Өткен дәуірлердің бірінде жаз жайлауы бар, қыс қыстауы бар бай адам өмір сүріпті. Ол аңқау екен. Бай болғаннан кейін дәулетке қызықпай тұра ма, қай тұстан қандай пайда түсірем деп жанталасумен жүреді екен. Күндердің күнінде аңқау байдың дүниеқоңыз екендігін сезген бір жігіт үйіне келеді.
Үстінде оқалы шапан, астында әсем сәйгүлік, келісті жігітті бай жалпақтап қарсы алады. Ет желінеді, қымыз ішіледі. Көңілі орнына түскеннен кейін үй иесі қонағынан жөн сұрапты. Сонда әлгі жігіт:
"Бәле, байеке, сіз мені қалайша танымай отырсыз, мені бүкіл иісі қазақ таниды. Өрісім толған мал, жерім толған алтын-күміс байлық. Көңілім түссе, сізге де қарасамын", - депті.

Оның сөзіне иланған аңқау бай:
"Сен шамалы тұра тұр, мал-жан өзімде де жеткілікті. Сен маған анау алтын тастарыңнан қарайлассаң. Мен де қарап қалмаспын", - дейді бай.
Жігіт келісім береді. Сөйтіп, байды қасына ертіп, жігіт өзі алдында көріп кеткен бір кең өлкеге келеді. Өлкеде жерде жатқан жылтыр тастар, жаңағы жарқырауық тастарды көрген бай алтын екен деп ойлап, "осы жерді маған бер" деп жата кеп жабысады. Басында көніңкіремеген жігіт артынан келісім беріп, ақысына байдан екі мың жылқы алып, алдына салып, көз көрмес, құлақ естімес жаққа кете барады.
Бай болса мақтанышпен ауыл адамдарын ертіп, сол жерге алып келіп көрсетеді. Сөйтсе, алтын деп жүргені жай жылтыр тастар болып шығады. Жылтыр тасты жерді көпшілік Баршатас деп атап кетеді.
Құлсары қаласының атауы қайдан шыққан?

Құлсары - Атырау облысы, Жылыой ауданының және Құлсары қалалық әкімдігінің орталығы. 50 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы XIX ғасырдың басында өмір сүрген, ел арасында беделді Құлсары Тінекейұлының құрметіне қойылған. 
Құлсары би көріпкелдігімен елге әйгілі болған. Ол түстерін айна-қатесіз жорып отырған. Бірде ағайын-туысқандарын жинап, өзінің қай кезде қайтыс болатынын дәл айтқан. Қайтыс боларының алдында "өздері мекен етіп отырған жердің қойнауы байлыққа толы, несібесі мол" екенін айтып кеткен.
Бірде Құлсары батыр қатты ауырып жатып балаларына:
"Менің жағдайым қиын, соңғы демім біткен соң мені ешқайда қозғамаңдар, осы боз төбенің басына қоярсыңдар. Осы төбенің астында үлкен дүбір бар, күндердің бір күні осы жер халыққа үлкен ырыс әкеледі", - деген екен.
Батырдың сөзінен кейін оның өсиетін орындап, айтқан жеріне жерленіп, басына биенің сүтін қосып иелеген балшықтан тас басып, ұрпақтары үлкен там тұрғызған. Расында сол жерден кейін "қара алтынға" айналған мұнай атқылағанда, Құлсарының көріпкелдігін ел мойындаған екен. 
Құлсары би көз жұмғаннан кейін оның өсиеті бойынша ауыл сыртындағы төбе басына жерленген. Содан сол жер Құлсары атанып кетеді.

Жалпы желіде Құлсары батырдың болғаны айтылады. Алайда оның ерлігі туралы мәліметтер жоқ. Ақсақалдардың әңгімелерінде де бұл туралы ештеңе айтылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық мақала Баянауыл мен Алмасай атауларының қайдан шыққанына арналған еді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net