Өмірде ұмытылмайтын күндер
— Мен не көрмедім, — деп бастайды сөзін Нұрман қарт, — Селтекей балалары өмір бойы Нұралы тұқымында құлдықта шіріді. 1916 жылғы қазақ еңбекшілерінің патша өкіметіне қарсы көтерілісіне қатынасқаны үшін Олжабай жазалаушы отряд әкеліп бар малымызды талап алды. Алты адамымызды бірдей атып өлтірді, оның ішінде Әбжол Селтекейұлы, Пли Ситекейұлы, Ақпет Селтекей келіні, Әбдіртай Дүйсенбіұлы,
Бекі Тайбағарұлы, Досжан Ойтанұлы бар.
Бұл жалшы-кедейлердің күн көзін көре алмайтын қара тұман басқан кез болатын. Әкем Қали Селтекейұлы да өмір бойы жалшы, бұл қанды қақпанға он төрт жасымда мен де іліктім.
Олжабай, Барлыбайдың қойын бақтым, тезегін теріп, отын жақтым. Олжабайдың үлкен әйелі Қазиненің далаға шыққаны да...
