Қаламгерлер сайысының кезекті жеңімпазы
Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары бірлесе ұйымдастырып отырған Эссе және өлең-жыр байқауының осымен оныншы жеңімпазы анықталды! «Туған жерімнің бейнесі» атты эссенің авторы – жас қаламгер Айгерім Қаршыға қараша айының кезекті жеңімпазы атанып отыр!
Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:
Туған жерімнің бейнесі
Мен сіздердің өз өмірлеріңізбен ел өмірін толыққанды, сәнді
және бояуы қанық ете алатындарыңызға кәміл сенемін.
Жаңа ғасырға Қазақстанды сіздер алып барасыздар!
Н.Ә.Назарбаев
Мен биылғы жылы он бес жасқа қадам бастым. Бала деуге келмейтін, бойжеткендеуге жетпейтін, жасөспірім кезеңге аяқ бастым. Білгенімнен білмейтінім, көргенімнен көрмегенім көп. Мен үшін жұмбақ, таңсық нәрселер жетерлік. Өзгермелі қоғамда, дамыған заманда болашағымды болжай алмасам да,келешекке үлкен сеніммен, алдағы...
