Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2019

Ақтөбеде белсенді Әлібек Молдин 15 күнге қамалды

0
7 қарашада Ақтөбенің әкімшілік соты жергілікті белсенді Әлібек Молдинді 15 тәулікке қамады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.


Соттың мәліметінше, Әлібек Молдин Қазақстандағы "Қытай жобаларына қарсы митингіге" шыққаны үшін - бес тәулік, "полицияға бағынбағаны үшін" он тәулік әкімшілік жазаға тартылып, барлығы 15 тәулікке қамалған. Сот құжатында Молдиннің 3 қыркүйекте Ақтөбеде жергілікті әкімдік ғимаратының алдында "Қытай экспансиясына жол жоқ" деген жазуы бар плакат ұстап, 'Қазақтар, ояныңдар" деп айқайлағаны, 7 қарашада полицияның "заңды талабына бағынбағаны" жазылған.  


Молдиннің қамалғанын оның әйелі Жадыра Нұғыманова да растады. Нұғыманованың сөзінше, полиция Әлібек Молдинді 7 қараша күні таңғы сағат 7-де оқушы қызын мектепке шығарып салып тұрған жерінен ұстап әкеткен.


- Күйеуіме төрт адам жабылып, көліктеріне күшпен отырғызған. Басында оны білген жоқпыз. Кідірген соң алаңдай бастадым. Мектепке барып, аурухана мен полицияға хабарластым. Полициядағылар "күйеуіңіз Зауыт полиция бөлімінде, сәлден соң әкімшілік сотқа апарады" деді. Сотта күні бойы ас-сусыз жүріп, үйіме кешкі 8-де келіп отырмын. Полицияға бағынбады дегені жала. Төрт адам алды-артына қаратпай алып кетсе, қай кезде қарсылық көрсетеді? - дейді Жадыра Нұғыманова.


Осыдан бір апта бұрын Әлібек Молдиннің үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі ("Қорлау" бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған. 7 қарашада түстен кейін Ақтөбе қалалық соты Әлібек Молдиннің үстінен қозғалған қылмыстық істі қарауға кірісуі тиіс еді. Бірақ сот  отырысы басталған кезде адвокат Сейсенбай Ділманов Молдиннің әкімшілік сотта екенін, өзінің науқастанып тұрғанын айтып, істі кейінге қалдыруды өтінді. Тараптар келісімімен сот Әлібек Молдин ісін қарауды кейінге қалдырды. 


Қылмыстық істің қозғалуына Молдиннің үстінен көп балалы сегіз әйелдің шағым түсіруі негіз болған. Жәбірленушілердің бірі Жанар Құлмамбетова "Молдин әлеуметтік желідегі парақшасында көп балалы әйелдерді тілдеді" дейді. 7 қарашада сот залында белсенді Молдиннің жақтастары да болды. Олар мұны "тапсырыспен ұйымдастырылған іс" деп санайды.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net