Таразда Ұлы Жібек жолының жандануы мен тарихи маңызы талқыланды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жібек жолы бойындағы сұхбат – 2019» халықаралық мәдениеттану жобасы аясында «Жаңғыру. Орта Азия халықтарының тарихи және заманауи тағылымы» тақырыбында шара өтті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.