Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2019

Сайлаудағы заңбұзушылықтарды айтқан ақтөбелік бақылаушылар кеңсе ашты

0
Ақтөбеде ерікті байқаушылар күш біріктіріп, алдағы сайлауларға дайындықты бастап кетті. Бұл туралы 21 тамызда Ақтөбеде "Бақыт бастауы" бірлестігі мен "Әділдік үшін" қоғамдық қоры бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.


Қоғамдық ұйымдардың мүшелері жалға алған жаңа кеңселерінде елдегі саяси ахуалды талқылап, оған үн қосып отырмақ.


"Бақыт бастауы" бірлестігінің төрайымы Бақыт Жаншаеваның сөзінше, 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында Ақтөбедегі сайлау учаскелерінде  500-ге жуық тәуелсіз байқаушы жұмыс істеген.


"Көп ерікті бақылаушының президент сайлауы әділ өтпегендіктен сағы сынды. Бірақ әділдік үшін күрескісі келетіндер әлі де бар. Біз осы кеңседе ерікті байқаушылар  үшін тренингтер өткізіп, алдағы сайлауларға тыңғылықты дайындаламыз" дейді Бақыт Жаншаева.


"Әділдік үшін" қоғам қорының директоры Бақтығұл Қанатовтың сөзінше, Ақтөбедегі тәуелсіз байқаушылар кезектен тыс президент сайлауынан соң учаскелердегі заң бұзушылықтар бойынша 69 деректі актілеп, прокуратураға тапсырған.


"Прокуратура біздің шағымымызды Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жолдаған. Аумақтық сайлау комиссиясы мардымды  жауап бере алған жоқ. "Сайлау туралы" заң өрескел бұзылғанын маусым айынан бері талмай айтып келеміз. Билік пен прокуратура "заң аясында жұмыс істейік, заң бұзушыларға шара қолданамыз" деген болатын. Бірақ "Сайлау туралы" заңды бұзған мектеп директорлары бұрынғысынша ұжым басқарып отыр" дейді Қанатов.


Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаеваның Азаттыққа айтуынша, "өрескел емес заң бұзушылықтарға жол берген сайлау учаскелерінің төрағаларына ескерту жасалған".




"Ал оларға шара қолдану үшін нақты дәлел керек. Тәуелсіз бақылаушылар прокуратураға тапсырған актілерде нақты дәлелдер болмады. Актілер талапқа сай толтырылмаған. Жалпылама мәселелер көтерілген" дейді Гүлнәр Күнбаева.


Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, биліктің "Нұр Отан" партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыз дауысқа ие болып, жеңіске жеткен. Сайлау өткен күні және одан кейін елдің ірі қалаларында наразылық шаралары өтіп, азаматтар президент сайлауы мен оның ресми қорытындысына қарсылық білдірді.


Сайлаудан кейін көптеген бақылаушы сайлау учаскелерінде заң бұзылғанын, бюллетеньдерді топтап тастау, алдын-ала белгіленіп қойған бюллетеньдер болғанын айтқан. "Сотталғандар құқығын қорғау коалициясы" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан бақылаушы болған бір топ белсенді кезектен тыс президент сайлауы күні анықталған заңсыздықтар туралы прокуратура мен ішкі істер органдарына 162 арыз түсірген. Соның ішінде 36 арызға байланысты Қылмыстық кодекстің 151-бабы ("Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу") бойынша іс қозғалған. 3 шілдеде белсенділер аудандық соттар олардың 60 шағымын қанағаттандырмай тастағанын хабарлады. Сайлау нәтижесін заңсыз деп тануды талап еткен кейбір белсенділер өздеріне "биліктің қысым көрсетіп жатқанын" айтқан.      


19 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы 9 маусымдағы президент сайлауында заң бұзылмағанын, дауыс беру заңға сай өткенін мәлімдеген.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net