Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2019

Билік Жамбылдағы түрмеде қайтыс болған тұтқынның "суицид жасағанын" айтады

0
Құқық қорғаушы Елена Семенова 20 тамыз күні кешкісін өзінің Facebook парақшасында 19 тамызда Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 колониясында тұтқынның қайтыс болғанын хабарлады. Семенованың ақпаратына қарағанда, түрме әкімшілігі сотталушының асылып қалғанын айтады. "Басқа тұтқындар бұған сенбейді" деп жазады құқық қорғаушы.   


Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Семенованың жазбасына қалдырған комментарийінде қауіпсіздігі жоғары ЖД-158/7 колониясының бақылаушысы 19 тамыздағы тексеріс кезінде сотталған азаматтың денесін тапқаны айтады. Комитет жазуынша, дәрігерлер бригадасы тұтқын асылып қалған болуы мүмкін екенін хабарлаған. "Мәйітті қарау кезінде оған күш қолданылғанын айғақтайтын іздер анықталмады" дейді комитет. Атқару комитеті бұл оқиға бойынша Жамбыл аудандық қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті қызметтік тергеу бастаған.      


Құқық қорғаушы сөзінше, сотталған басқа азаматтар тұтқынның суицид жасағанына сенбейді. "Оқиғадан соң барлық тұтқынды орындарына қамап тастап, ешкімді шығармаған" дейді Семенова желідегі жазбасында. Ол түрме әкімшілігі "барлық факті мен ізді жасыру үшін осылай еткен" деп топшылайды. Комитет мұны жоққа шығарды.  


Қазақстан түрмелеріндегі азаптау мәселесін талқылау 25 шілдеде тараған видеодан соң күшейген. Заречный түрмесінде түсірілген видеода түрме қызметкері мен сотталғандар формаcын киген бірнеше адамның бір азаматты ұрып жатқаны көрінеді. Кейін Қазақстан ішкі істер министрлігі Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 түрмесінің жеті қызметкері "жазаланғанын" айтқан. Колония басшысы мен орынбасары, сондай-ақ төрт азаматтың қызметінен босатылған.  


Құқық қорғаушылар мұндай жазаны жұмсақ деп сынап, тұтқын азапталған түрменің басшылығын қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен. Мұнан соң қылмыстық-атқару комитеті бұл азаптау оқиғасын "жалғыз оқиға" деп атаған. 




Қазақстан билігі түрмедегі азаптау азайғанын айтады. Бірақ құқық қорғаушылар Нұр-Сұлтанның бұл мәлімдемесін жоққа шығарған. "Халықаралық түрме реформасы" (PRI) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі бұған дейін бірнеше рет Қазақстан түрмелерінде азаптау мен өз-өзіне зақым келтіру фактілері көбейгенін айтқан.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net