Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2019

Назарбаев: Ерте сайлау туралы сөзді доғару керек

0
21 тамызда Нұр-Сұлтанда өзі басқаратын "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі билікті сынап жүргендерді сөкті. Ол елдегі "барлық сайлау" конституцияда көрсетілген мерзімінде өтетінін мәлімдеп, парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді ұсынып "шулап жүргендердің" сөзіне жауап беруге шақырды.


"Жекелеген оппоненттеріміз немесе блогерлер және тағы басқалар мажоритарлық жүйеге оралуды, кезектен тыс парламент сайлау өткізуді ұсынады. Бұл сөздерге қазір жауап беру керек. Ешқандай негізді дәйегі жоқ. Әдеттегідей құр пайым ғана" деді Назарбаев.


Бұған қоса ол сын айтушылардың өзін "бос сөз айтады" деп сөкті.


"Билікті сынап және тағы басқаны сынағанда бос сөз ғана айтады. Мынаны былай істеуге болады деп ұсынса я көрсетсе ғой" деді ол.


Биыл наурыз айында президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған, алайда конституция мен заңдарда бекітілген арнайы мәртебесі, билікке ықпал ету құзыретін сақтап қалған және билік партиясын басқарып отырған Назарбаев нақты қай оппоненттер мен блогерлерді меңзегенін ашып айтпады. Сонымен бірге өзі сөккен сыншылар тарапынан қандай ұсыныстар мен іс-әрекет күтетінін де түсіндірмеді.


Конституцияға сәйкес, Қазақстанда парламент мәжілісінің сайлауы 2021 жылы өтуі тиіс. Мәжілістегі 107 депутаттың 98-сі партиялық тізім бойынша сайланады, тоғыз депутатты Назарбаев басқаратын консультативтік кеңесу органы – Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Назарбаев ассамблеяны өмір бойы басқару құқығына ие.


Қазіргі мәжіліс құрамына 84 депутат "Нұр Отан" партиясынан сайланған. Сонымен бірге мәжілісте билікшіл екі саяси ұйым – "Ақ жол" партиясы мен Қазақстанның коммунистік халық партиясының өкілдері де бар.


Парламент пен президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу Қазақстанда таңсық емес, ондай сайлаулар бірнеше рет өткен. Президент сайлауы тек бір-ақ рет, 2005 жылы конституцияда көрсетілген мерзімінде өткен. 1995 жылы Назарбаевтың жетекшілігімен әзірленген конституция қабылданып, екі палаталы парламент пайда болғалы бері елде мәжіліс сайлауы ешқашан заңда көрсетілген мерзімінде өткен жоқ.


Нұр-Сұлтанда бүгін өткен биліктегі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысына ұйым көшбасшысы Назарбаевпен бірге Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, парламенттің қос палатасының жетекшілері мен жоғары лауазымды өзге де шенеуніктер қатысты.


Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған кезде Батыс елдері азаматтық құқықтар мен бостандықтарды тұншықтырғаны үшін талай рет сынаған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін доғаратынын кенеттен мәлімдеп, орнына сол кезде парламент сенатының төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырған. Тоқаев жаңа қызметке кірісе сала Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваны парламент сенатының төрағалығына ұсынып, сенат мүшелері оны бірауыздан мақұлдады.


Назарбаев президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған кезде елде биліктің саясатына наразылық күшейіп келе жатқан болатын. Үкіметке наразылық Тоқаев билікке келгеннен кейін де жалғасты.


9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. Батыс бақылаушылары сайлау кезінде көптеген заңбұзушылық тіркеліп, үкіметке қарсы акцияға шыққан азаматтар жаппай ұсталғанын айтқан.


Бұған дейін Назарбаев өткен жылдың соңында және биылғы ақпанның басында Қазақстанда ерте сайлау өтпейді деп мәлімдеген. Биыл 9 маусымда елде президент сайлауы кезектен тыс өтті.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net