Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2019

Назарбаев "жүйені шайқалту - қауіпті" деп ескертті

0
Сәрсенбі, 21 тамызда "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ұйым жетекшісі, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "стратегиялық бағыттың сабақтастығы мен бірізділігіне", сонымен бірге "қоғамдағы саяси тұрақтылық пен келісімнің" басымдығына мән берді.


Қазақстанды соңғы отыз жылға жуық уақыт үздіксіз басқарып, биыл наурыз айында президенттік өкілетін мерзімінен бұрын кенеттен доғарған 79 жастағы Назарбаев өзі әлі басқарып отырған партияның саяси алаңда басымдығын сақтап қалуын маңызды деп санайтынын аңғартты. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германиядағы жағдайды, сонымен бірге ондаған жылдар бойы үстемдік құрған саяси күштердің кейбірі "әлі күнге дейін билікте отырған" Сингапур, Малайзия тәрізді елдерді мысалға келтірді.


"Сондықтан бұл жерде біреу келіп, басқалары кетіп жатқанда не болатынын төңірегіміздегі елдерден және постсоветтік кеңістіктен көріп отырмыз" деп мәлімдеді Назарбаев. Алайда ол нақты қай елдерді меңзеп отырғанын ашып айтпады. "Мұндай кезеңде стратегиялық бағыттың сабақтастығы мен бірізділігі аса маңызды" деді ол.


"Дағдарыс кезінде жүйені іштен де, сырттан да шайқалту өте қауіпті" деп мәлімдеді Назабаев. Оның сөзінше, жүйені "нығайту" қажет. "Ортақ жетістікке жету үшін бізге мықты лидерлер мен қоғамды біріктіріп, елдің сауалына көңіл қойып жауап бере алатын қуатты партия керек" деді ол.


Заң бойынша өмір бойы тиіспеушілік құқығына ие Назарбаев президенттіктен кеткенімен, билікке ықпал ету құзыретін сақтап қалған және билік партиясын да басқарады. Заң жүзінде бекітілген "елбасы" деген ерекше мәртебесі бар ол Қазақстанның қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын ие.


Назарбаев президенттік өкілетін кенеттен доғарған соң өз орнына қалдырған 66 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев көп жыл бойы жоғары лауазымды қызметтер атқарған. 2000 жылдардың басында ол үкіметті басқарды. Биыл наурызда президент міндетін атқаруға кіріскеннен кейін Тоқаев үкіметте бірқатар ауыс-түйіс жасаған. 9 маусымда кезектен тыс өткен сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланған. Батыс бақылаушылары сайлау кезінде көптеген заңбұзушылық тіркеліп, үкіметке қарсы акцияға шыққан азаматтар жаппай ұсталғанын айтқан.


Сәрсенбіде "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Назарбаев билікті сынаушыларды сөгіп, елде "барлық сайлау" конституцияда көрсетілген мерзімде өтеді деп мәлімдеген. Ол парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді ұсынып "шулап жүргендердің" сөзіне жауап беруге шақырған.


Совет өкіметі тұсында Қазақстанда билікке келген Назарбаевты БАҚ саласы мен саяси өмірде қатаң бақылау орнатып, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды тұншықтырғаны үшін халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар мен батыс елдері талай рет сынаған. Биыл оның орнына билікке келген Тоқаев "елбасының (Назарбаевтың заң жүзінде бекітілген мәртебесі) бағытын жалғастыратыны" туралы мәлімдеген.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net