Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2019

Дипломаттар Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі жайлы сыбысты жоққа шығарды

0
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі жайлы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл ақпаратты Ресейдегі Түркіменстан елшілігіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлады.


“Бұл шылғи өтірік. Біз мұндай ақпаратты жоққа шығарамыз” деген елшілік өкілі агенттікке.


Бұған дейін 62 жастағы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі жайлы сыбыс тараған еді. Бірқатар ресейлік ақпарат құралдарында оның "бүйрек ауруынан көз жұмғаны" жайлы хабарлама жарияланды. Бұған қоса, бейресми арналар арқылы да түрлі ақпарат тарады. 


Азаттықтың Түркімен қызметі де 20 шілдеде Бердімұхамедовтің өлімі жайлы хабарлама алған. Бірақ оған байланысты ресми орындардан жауап ала алмады. Түркіменстан басшысының өлімін Қырғызстандағы Түркіменстан елшілігі де жоққа шығарған. 


Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, Түркіменстандағы мемлекеттік ақпарат құралдары қорытынды бағдарламасында президент жүрген кадрларды көрсеткен. Ашғабаттағы Азаттық тілшілерінің топшылауынша, кадрлар осыдан бірнеше күн бұрын президент демалысқа кетіп бара жатқан кезде түсірілгенге ұқсайды. Олардың хабарлауынша, қазір Ашғабатта жағдай қалыпты. 


21 шілдеде "Түркіменстан хроникасы" басылымы президенттің анасы Огулабат Бердімұхамедованың Германияда емделіп жатқанын, жағдайы ауыр екенін хабарлаған. 


Биыл 29 маусымда 62 жасқа толған Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азиядағы табиғи газға бай Түркіменстанды 2006 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Ол - Сапармұрат Ниазовтан кейінгі елдің екінші президенті.


2017 жылы ақпанда өткен президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 97 пайызы дауысын алған Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші мерзімге президент болып сайланған. Бұл елде президент жеті жылға сайланады.


Батыс бақылаушылары Түркіменстанда осы кезге дейін бір де бір сайлау әділ және еркін өткен жоқ деп санайды. Түркіменстан билігін сынайтындар мен құқық қорғаушылар Бердімұхамедовтің билікке келгелі өзгеше ойлайтындарды қудалағанын және айтарлықтай өзгеріс жасамағанын айтады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net