Байқоңырдан үш ғарышкері бар "Союз" кемесі ұшырылды
"Союз МС-13" кемесі орналасқан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22.48-де ұшырылды. Зымыран тасығыш әуеге көтерілген соң бірқатар аймақ тұрғындары аспаннан жап-жарық дене байқағанын жазды.
20 шілдеде адамзаттың ең алғаш рет Айға аяқ басқанына 50 жыл толды. 1969 жылы дәл осы күні бортында командирі Нил Армстронг және ұшқыш Баз Олдрин болған америкалық "Аполлон-11" кемесі Айдың оңтүстік-батысындағы Тыныштық теңізіне қонды. Олар Айдың үстінде 21 сағат 36 минут 21 секунд болған. Осы уақыт бойы оларды командалық модуль ұшқышы Майкл Коллинз Ай орбитасы маңында күтіп отырды. Нил Армстронг Айдың топырағын ең алғаш рет басқан адам ретінде тарихта қалды.
