«Астана» велошабандозы жарыста жарақат алып қалды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - «Астана» командасының велошабандозы Якоб Фульсанг «Тур де Франс» веложарысының бірінші кезеңінде құлап, жарақат алды. Оның қабағының үсті жарылып, тізесі, иығы мен шынтағы жарақаттанған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі команданың ресми сайтына сілтеме жасап.