Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2019

Грузияда наразылық акциялары жалғасты

0

21 маусымда кешкі уақытта Грузияның опозициялық саяси қозғалысының өкілдері және оның жақтастары Тбилисидегі Руставели даңғылының бойындағы парламент ғимаратының алдында наразылық акциясын жалғастырды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.
Оқиға орнында "ұлттық қозғалыс" төрағасы Григорий Вашадзе, "Еуропалық Грузия" көшбасшыларының бірі, Тбилиси экс-мэрі Гиги Угулава және басқа да оппозициялық көшбасшылар бар. Осы жерге құқық қорғау органдары жұмылдырылды. 
Көптеген адамдар жиналуына байланысты Руставели даңғылы жабылды. Наразылық білдіргендер ІІМ басшысы Георгий Гахарияның отставкаға кетуін, ұсталғандарды босатуды және зорлық-зомбылық деректерін тергеуді, сондай-ақ кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етеді.

Наразылық білдірушілер кейбір оппозициялық партиялардың өз мақсатында осы акцияны саяси мақсатта пайдалануға тырысып жатқанына шағымданды. Осыған байланысты митингіге шыққандар Тбилисидің бұрынғы мэріне шөлмектерді лақтырды.

"Тбилиси орталығында жиналған адамдар ұялы телефондардағы шамдарын жағып, ара-тұра грузин әнұранын айтты. Парламент ғимаратының алдындағы жағдай тыныш", - деп хабарлайды басылым тілшісі.

Жұма күні кешке Владимир Путин 8 шілдеден бастап ресейлік авиакомпанияларға Ресейден Грузияға жолаушылар тасымалдауына тыйым салатын жарлық шығарғаны белгілі болды. Ресей үкіметіне Грузия аумағында уақытша жүрген ресейліктердің қайтып оралуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар, президент туроператорларға Ресейден Грузияға жолдамаларды уақытша сатпауға кеңес берді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әуе қатынасын тоқтату туралы жарлық - Тбилисиде экстремистік әрекеттер аясында ресейліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр шара деп мәлімдеді.

Наразылық акциясына қатысушылар Грузия астанасында Путиннің әуе қатынасына тыйым салу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. 

"Грузия-Онлайн" порталының ақпараты бойынша, осы күні Тбилиси мемлекеттік университетінің студенттері оқу орны ғимаратының жанында наразылық акциясын ұйымдастырды. "Путин, ну погоди", "Ресей-оккупант", " Кімнен, не үшін??", "Грузия жастарынаа жол беріңдер" - осындай ұрандармен студенттер акция өткізді.
"Біз - студенттер, Ресей оккупациясына бейбіт түрде наразылық білдіреміз, оған ешкімді араластырмаймыз", - деп мәлімдеді жастар.
Жастардың бір бөлігі Батуми көшелерінде "зорлық - зомбылыққа жол жоқ", "Ресей-оккупант" деген ұрандармен наразылық шеруін ұйымдастырды. "Біздің саяси талабымыз жоқ. Біз елдің абыройын қорғаймыз, біз зорлық - зомбылық пен ресейлік басқыншылығын айыптаймыз", - деп мәлімдеді акция қатысушысы Акакий Цецхладзе.

Бейсенбі, 20 маусымда Тбилисиде наразылық акцияларыбасталды, митингіге шыққандар православ Парламентаралық Ассамблеясының сессиясына ресейлік делегаттардың қатысуына қарсы шықты. Күндіз митингке шыққандар ресейлік өкілдер болған Парламент ғимаратын басып алды, кешке олар қайтадан Парламентті шабуылдауға тырысты. Оларға оппозиция қосылып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Митингке шыққандарды көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ пен суды қолдану арқылы арнайы жабдықталған әскерлер таратып жіберді. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер саны 240 адамға жеткен. Елдің ІІМ өкілдері бұл наразылықтарды жаппай төңкеріс жасау әрекеті деп атады.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили наразылықтардың аясында Ресейдің "елдің қақ жарылуына" мүдделілігі туралы мәлімдеген. "Бұл бүгінгі күні орын алған өте үлкен қылмыс болды. Алайда, бұл мемлекет ішінде де, одан тыс жерлерде де жасалған, Парламентке басып кіруге және үкіметті құлатуға бағытталған мемлекеттік іс-әрекеттердің, шақырулардың жасанды түрде көтерілген толқынын ақтамайды. Ресей - біздің жауымыз және оккупант. Оның басқаруындағы "бесінші колонна" бүгін ашық агрессияға барғанына қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін", - деп жазды Зурабишвили Facebook желісінде. 
Грузин басшысы мемлекетке барлық заң бұзушылықтарға жауап беретін және тәртіп орнататын уақыт келгенін, сондай-ақ Мәскеудің деструктивті күштеріне өз жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтінін айтты.
"Мен тағы да ақайталап айтамын, қоғамның қақ бөлінуі Ресейден басқа ешкімге тиімді емес, бүгінде бұл өте қауіпті қару болып отыр. Ішкі қарама-қарсы тұруды көтермелейтін және ықпал ететін адамдар Ресей саясатының жолсерігі және оның жоспарларын іске асырушысы болып табылады", - деді ол.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net