Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2019

Путин Ресейден Грузияға жолаушыларды тасымалдауға тыйым салды

0
Ресей президенті Владимир Путин 8 шілдеден бастап Ресейден Грузияға жолаушыларды тасымалдауға тыйым салды.   


21 маусымда президент қол қойған жарлықта Грузиядағы ресейліктердің отанына қауіпсіз оралуы үшін жағдай жасау жайлы да айтылған. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Грузиядағы жағдай қалпына келмейінше жарлық күшінде болатынын айтқан. 


"Грузиядағы жағдай қалпына келуі тиіс және азаматтарымыздың өміріне қауіп төнбеуі қажет" деп ресейлік РБК арнасы Песковтің сөзін келтірген. 


Ресей туристік операторлар қауымдастығының бағалауынша, Грузияда қазір 5-7 мың ресейлік турист бар. Жеке өз бетімен саяхаттап жүргендердің саны 2-3 мыңнан асады. Ресейлік авиакомпаниялар Грузияға тасымалдайтын авиабилеттер сатуды тоқтатты және 8 шілдеден кейінгі күндерге алынған билеттердің ақшасын қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.  


Грузияда бірнеше күннен бері наразылық жалғасып жатыр. Оған Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Сергей Гавриловтың парламент спикері мінберіне көтеріліп, орыс тілінде сөйлеуі себеп болған. Грузияға ресми сапармен келген Ресей мемлекеттік думасының депутаты, Ресей коммунистік партиясының мүшесі Сергей Гаврилов әлемнің бірқатар елінің өкілдерін біріктіретін парламентаралық православ ассамблеясының жиынына төрағалық еткен еді. Оның парламент спикері орнына отырып алуы әуелі отырысқа қатысқан депутаттардың наразылығын туғызды. Гавриловты Ресей президенті Владимир Путиннің серігі деп санайтын грузиялық азаматтар ол Грузияның сепаратистік аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қолдау білдірген Мәскеудің іс-әрекетін құптайды деп есептейді. Кейінірек парламент отырысындағы наразылық көшеде жалғасты.




Жұма, 21 маусымға қараған түні парламент ғимараты алдына жиналған оң мыңға жуық наразы азаматты тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ қолданды. Наразылар парламент спикері мен ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті. 21 маусымда парламент спикері Ираклий Кобахидзенің отставкаға кететіні белгілі болды. 


Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қақтығыс кезінде 240 адам зардап шеккен. Елдің ІІМ 305 адамның ұсталғанын хабарлады. 


21 маусым кешке Ресейдің ішкі істер министрлігі азаматтарына Грузияға бармауға кеңес берді. 





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net