Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2019

Қазақстандық файтерлердің ең әсерлі нокауттары

0

Осы аптада қазақстандық спорт жанкүйерлері аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтің Зайсандағы халықаралық турнирде моңғол файтері Мягмар Монхбатты ауыр нокаутқа түсіргенін талқылап жатыр. Моңғолиялық спортшы басына жасалған ауыр соққыдан кейін ұзақ уақыт бойы орнынан тұра алмаған. Бүгінде жекпе-жектің видеосын YouTube-те жарты миллионнан аса адам қараған.
Тengrinews.kz тілшісі қазақстандық файтерлердің қарсыласын ауыр нокаутқа түсірген жекпе-жектердің топтамасын ұсынады.
Арман Оспанов - Лом-Али Эскиев
Соңғы 1,5 жыл бойы октагонға шықпай кеткен Арман Оспанов биыл 28 сәуірде германиялық Лом-Али Эскиевпен күш сынасқан.
Жартылай жеңіл салмақта үш раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Оспанов тіземен қарсыласының басынан теуіп құлатқан, артынша қосымша соққы жасаудың да қажеті болмады - нокаут.



Арман Әшімов - Микаэль Силландер
Осы аптада басты қаһармандардың бірі болған Арман Әшімов 2018 жылы ақпанда Санкт-Петербургте M-1 Challenge 87 турнирінде финляндиялық Микаэль Силландермен кездескен.
Жекпе-жек екінші раундтың 3-минутында тоқтады. Әшімовтің оң қолымен жасаған соққысы Силландерді орнынан тұрғызбай тастады. Осы жеңістен соң Әшімов M-1 Challenge "уақытша" чемпионы атанған.



Шавкат Рахмонов - Марсело Брито
"NOMAD" 2016 жылы маусымда M-1 Challenge 67 турнирінде бразилиялық Марсело Бритоны жеңген.
Бакуде өткен жекпе-жекте Шавкат Рахмонов қарсыласын 1,5 минуттың ішінде нокаутқа жіберді. Жақында UFC-ке ауысқалы жүрген ол бразилиялық файтердің бауырынан ұрып, жерге құлатты. Рахмонов ұрғаннан кейін Брито бір-екі секунд тұрып қалды да, соққының  күшін кейін сезінгендей болды.



Игорь Свирид - Рашид Алиев
2013 жылы желтоқсанда Алматыда "Алаш Прайд" пен әлем құрамасы кездесу өткізген. Осы кездесуде "Алаш Прайд" өкілі Игорь Свирид пен ресейлік Рашид Алиев күш сынасқан еді.
84 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін спортшылар сегізбұрышта ұзақ болған жоқ. Қазақстандық файтер қарсыласын 2-минутта нокаутқа түсірді.



Жалғас Жұмағұлов - Артур Багаутинов
Файтерлердің жекпе-жегі 2017 жылы наурызда Мәскеуде өткен. Кездесу Fight Nights Global 62 турнирі аясында болды.
Алғашқы раундта ресейлік спортшы басымдықты өз қолына алып, жиі шабуылдаған. Бірақ екінші раундта Жалғас жекпе-жек барысын теңестіре алды. Кейін қазақстандық файтер дәл соққымен Багаутиновті нокатуқа жіберді.



Ғалымжан Қанаев - Олим Хайтбек
Былтыр шілдеде Қапшағайда "Alash Pride FC" лигасының турнирі өткен. 13 жекпе-жектің ішінде Ғалымжан Қанаев пен тәжікстандық Олим Хайтбектің кездесуі ерекше есте қалады.
Қазақстандық спортшы қарсыласын сол аяғымен теуіп құлатқан. Хайтбек көп ұзамай орнынан тұра алғанымен, оның командасы октагонға ақ орамал тастап, жеңілісті мойындады. Нәтижесінде Ғалымжан Қанаев К-1 ережесі бойынша "Алаш Прайд" лигасының чемпионы атанды.



Арман Оспанов - Таичи Накаджима
Арман Оспанов 2017 жылы мамырда Санкт-Петербургте ACB 61 туниріне қатысқан. Қарсыласы - 28 жастағы Таичи Накаджима.
Бұл жекпе-жекте де жанкүйерлер Оспановтың аяқпен жасаған жойқын соққысының куәгері болды. Октагонда өзін еркін ұстайтын ол Жапонияның үздік файтерін екінші раундта нокаутқа жіберді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net