Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2019

Ауылдан қалаға көшкенде өзіңді жоғалтып алмау үшін не істеу керек

0

Бүгінде Қазақстанда урбанизация белсенді жүріп жатыр. Олардың көшіп келу себептері де әртүрлі. Өмірдегі кез келген өзгеріс, психологтардың айтуынша, жұмыс немесе мекенжай ауыстыру болсын, тіпті ата-анадан бөлек тұру сияқты өзгерістер адамға психологиялық тұрғыдан әсер етіп, тіпті күйзеліске душар етеді. Психолог Лаура Бигелдинова қалаға көшіп келіп, мекенжайын ауыстыратындарға міндетті түрде психологиялық дайындық керек екенін айтады.

Маман Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл жағдайда неліктен психологиялық көмектің қажет екенін және күйзеліске ұшырауға қандай факторлардың әсер ететінін айтып берді. Психологтың айтуынша, жаңа жерге, жаңа қалаға көшіп келген адамның бойында үрей болады. Сондай-ақ, ол адамдар өздерін жалғыз және ешкімге қажетсіз сезінеді дейді.

Мотивация керек

"Бұл кезде ол адамға бірінші кезекте қолдау көрсету қажет. Яғни ол адамның жаңа орынға бейімделуіне, жаңа достар табуына, ең маңыздысы жұмыс табуына көмектесу керек. Басқа елді мекенге, қалаға көшу алдында өз-өзіне мотивация болу өте маңызды. Қандай да бір шешім жасау алдында адам алдына мақсат қоя білгені жөн. Мақсат болмаса, бойдағы үрейді жеңу қиынға соғады. Оған көп уақыт қажет болады. Сондықтан бар ойды жинақтап, ол жаққа не үшін бара жатқаңынды жете түсіну керек", - дейді Лаура Бигелдинова.

Өкінбеу қажет

Маман көп жағдайда күйзелісті жеңуге екіұшты ойлардың кедергі келтіретінін айтады.

"Бұл кезеңде екіұшты ойлар, сенімсіздік артады. Бұрын тұрған, бұрын көз алдында жүрген жерге үйреніп қалғаны соншалық - жаңа жерде ештеңеге бейімделе алмайтындай сезімдерге бой алдырады. Мұнда ең бастысы шешім қабылданып қойғанын түсініп, еш өкінбеу. Осыдан кейін ғана жаңа мүмкіндіктер пайда болып, жаңа өмірге тез арада бейімделуге болады. Ол үшін бұрынғы әдеттерден арылып, өткен күн мен бүгінгіні салыстырмауға және жаңа жердегі кез келген жұмысқа дайын болуға кеңес беремін", - дейді ол.

Осы ретте психолог өз тәжірибесіне сүйене отырып, жұмыс орнын немесе тұрғылықты мекенжайын ауыстырған таныстарының көптеген жетістікке жеткенін айтады. Мысалы, біреуінің қызметі өссе, екіншісі бұрын 2 бөлмелі пәтерде тұрса, енді 4 бөлмелі пәтерге көшкен, тағы біреулеріні бизнесі пайда болып, табысы артқан екен.

Күйзелістен қашып құтылу мүмкін емес

"Мекенжай ауыстыру бұл өмірді өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, үрейлерді жеңуге мүмкіндік беру деген сөз. Сондықтан ешқашан өкінбеуге кеңес беремін. Қандай өзгеріс болсын, стресс болады. Одан қашып құтылу мүмкін емес. Ол шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, алға мақсат қойып қана барлық үрейді жеңіп, бұрынғыдан да жақсы өмір сүруге болады", - деп кеңес береді психолог.

Оның айтуынша, кез келген өзгерістің жақсы тұстарын ғана көріп, дұрыс шешім қабылдай білу қажет.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net