Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2019

Жазғы демалыс қызық өтсін десеңіз

0

Мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушылар үшін үш айлық жазғы демалыс басталды. Бәрі жан-жаққа демалуға кетті.

Ауылдағы оқушылар қалаға, қаладағылар шет елге немесе ауылға аттанды. Жазғы демалысты естен кетпестей өткізу үшін не істеу керек? Ауылға барыңыз Қаладағы күйбең тіршілік пен шудан шаршадыңыз.

Таңертең ерте тұрып автобус күту, кептеліс, одан қала берді қысылысып мектепке бару. Бәрі сізді шаршатты. Еркіндікке ұмтылыңыз.

Ауылға барыңыз. Атқа мініп, тау-тасты аралаңыз. Таза ауаны сезініңіз. Ұйқыңыз қанғанша ұйықтап алыңыз. Сізді ешкім мазаламайды. Ата-әжеңізге еркелеп, қозы-лақпен ойнаңыз. Жаңа достар тауып, жаңа мақсаттарға жол салыңыз. Мәселен қаладағы ойындарыңызды ауылдың балаларына үйретіңіз. Өзіңізбен бірге қол телефоныңызды тастамаңыз. Себебі сіз онымен ең қызықты сәттерді суретке түсіресіз. Таң қалаған, тамсанған сәттерді міндетті түрде суретке түсіріп сақтаңыз. Кейін жаңа оқу жылында сол суреттерді достарыңызға көрсетіп бір мақтанасыз.

Шет елге шығыңыз Ата-анаңызбен бірге сапарға аттаныңыз. Ел аралап, жер көріп түрлі мәдениетті бойыңызға сіңдіріп келіңіз. Көрген-білгеніңізді бәріне айтып бересіз әлі-ақ. Шет елге шығу деген тек ойын қуу емес, жақсы демалыс жасау. Түрлі мәдени шараға қатысып, қызықтаңыз. Ілім жинап қайтыңыз.

Күнделік жазыңыз Жазғы демалысқа арналған арнайы күнделік дәптер бастаңыз. Әр күн сайын басыңыздан өткен қызықтарды жазып отырыңыз. Ойыңызды, таң қалған сәттеріңізді, әсер алған көріністеріңізді жазыңыз. Бұл сізге ертең мектепке барған кезде «менің жазғы демалысым» тақырыбына таптырмас көмек болады. Кітап оқыңыз Роман оқу шарт емес. Өзіңізге жақын тартқан кез келген кітапты оқыңыз. Оқыған кітаппен өмір сүріп көріңіз. Теңіз қарашылары туралы оқысаңыз не аңыз-әңгімелер оқысаңыз солар туралы ойланыңыз. Демалыста уақытыңыз көп, шығарма жазыңыз. Ойыңызды жазыңыз. Тіпті солардың еліне сапар шегу үшін сол бағыттағы фильмдерді де қараңыз. Санада сәулеленіп тұрған кітаптың сөздері фильмде орын алып жатса, керемет емес пе?!

Бизнеспен айналысыңыз Жаз кезінде оқушыларға жұмыс көп. Соның бірі ауылда. Жайлауға барып таза қымыз сауып, бие сүтін қалаға әкеліп сатыңыз. Тиын-тебен болса да маңдай теріңізбен тапқан ақша нағыз ләззат. Асық ойнап, көп болса оны да сатып бизнеске айналдырыңыз. Жеміс-жидек теріп, базарға апарып сауда жасаңыз. Бастысы қозғалыста болыңыз. Аталғандардың бірін жасауға мүмкіндік болмаса, ең сүйікті ісіңізбен айналысыңыз және соның жолында белгілі бір жетістікке жетуге тырысыңыз. Еңбек далаға кетпесін!

Дереккөз: massaget.kz 

Сообщение Жазғы демалыс қызық өтсін десеңіз появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net