Алматының Алатау ауданында 7 мың орындық мешіт салынып жатыр
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алатау ауданын аралаған кезде 7 мың орындық жаңа мешіт құрылысының қарқынын тексердім. ⠀ Жоба бойынша мешітте биіктігі 49 метрге дейін жететін бірнеше мұнара болады. Кешеннің орта тұсында бес күмбезді негізгі ғимарат орналасады. ⠀ Құрылыс мерзімі учаскені су басып қалу қаупінен сақтау үшін жүргізілген инженерлік қорғау жұмыстарына байланысты ұзарды. Бүгінгі таңда 3 мың қадалы тіреу бекітілді және іргетасы бетондалды. Негізгі блоктың арматуралы қабырғаларын орнату басталды. ⠀ Тағы бір айтарым, жақын арада Орталық мешіттің аумағын абаттандыру басталады. ⠀ Осының барлығы игі іске үлес қосып жүрген кәсіпкерлеріміздің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асуда. Оларға айтар алғысым зор. ⠀ Бүгінгі Рамазан айының ең қасиетті түні - Қадір түнінде барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk) 31 Май 2019 в 4:21 PDT
