Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2019

Мамин Түрікменстан президентімен кездесті

0

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап. Сауда-экономикалық қатынастардың барлық бағыттары бойынша қазақстандық-түрікменстандық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
ҚР премьер-министрі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты қатынастар тұрақты түрде дамып жатқанын атап өтті.
"Біз сауда-экономикалық байланыстардың тереңдей түсуіне аса мән береміз. Көлік инфрақұрылымы мен ортақ шекараның болуын ескергенде, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың үлкен әлеуеті бар", - деді Асқар Мамин. 
Келіссөздер барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы салаларындағы, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі аталып өтті.
"Өзара сауда көлемін едәуір арттыруға қол жеткізу туралы ортақ міндет қойылды. Қазақстан бұл міндетті іске асыру үшін барлық күш-жігерін салуға әзір", - деді Асқар Мамин.
Ашхабадта ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты.
Достастықтағы биылғы жыл Түрікменстан Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр.

ТМД ҮБК отырысына Ресей Федерациясының премьер-министрі Д. Медведев, Беларусь премьер-министрі С. Румас, Әзербайжан премьер-министрі Н. Мамедов, Тәжікстан премьер-министрі К. Расулзода, Өзбекстан премьер-министрі А. Арипов, Армения вице-премьері М. Григорян, Қырғызстан вице-премьері Ж. Разаков қатысты.
Шағын құрамда делегациялар басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді шешті.
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ТМД елдерінің нарықтары Қазақстан үшін дәстүрлі түрде басымдыққа ие екенін атап айтты. Қазақстаннның Достастық елдерімен тауар айналымы оң динамикаға ие және 2018 жылдың қорытындысы бойынша 8,4 пайызға артып, 24,3 миллиард доллар құрады.
Достастық кеңістігінде сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі интеграциялау мен нығайту мақсатында нормативтік базаны жетілдіру жұмыстарының маңыздылығы аталып өтті. Таяу келешекте қызметтермен еркін саудаласу туралы келісімге қол қою ТМД елдеріне қызметтер айналымын арттыруға жол ашады. 
ҚР Үкіметінің басшысы интеграцияны дамыту арқылы сапалы өсімді күшейту шараларының қатарында өндірістік қуаттылықтар кооперациясын, көлік-логистика әлеуетін арттыруды, өзекті цифрлық күн тәртібін қалыптастыру, адами капиталды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсартуда күш-жігерді біріктіруді атап өтті. 
Атқарушы комитетке аталған ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, оларды әзірленіп жатқан ТМД одан әрі дамыту Тұжырымдамасының және 2030 жылға дейінгі кезеңге ТМД экономикалық дамыту стратегиясының аясында қарастыру ұсынылды.
Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басты тақырыптары инновациялық ынтымақтастықты дамыту, зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау, көлік-логистикалық және туристік салаларда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, ғарыш саласында жобаларды іске асыру болды.

ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға:
● ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іргелі зерттеулер саласында мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру туралы Келісімге;
● ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің музей ісі саласындағы ынтымақтастығы туралы Келісімге;
● 2009 жылғы 20 қарашадағы ТМД-да тауарлардың шыққан елін анықтау Ережелері туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға;
● 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға;
● 1999 жылғы 4 маусымдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағы арқылы транзит тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға; 
● 2001 жылғы 28 қыркүйектегі интеллектуалды меншік нысандары болып табылатын тауарлардың кедендік шекарадан өткізілуіне кедендік бақылау Ережелер туралы ТМД үкіметтер басшылары Кеңесінің шешіміне қол қойылды.
Достастықта төрағалық ету ресейлік тарапқа ауысты. ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы биыл күзде Мәскеуде өтеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net