Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2019

Өзбекстан Сириядағы 156 азаматын жеткізгенін хабарлады

0
Ташкент "Мейірім" гуманитарлық операциясы аясында 156 өзбекстандық азаматты Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс аймағынан елге қайтарған. Жеткізілгендердің басым бөлігі - әйелдер мен балалар. 


"Азаматтар 30 мамырда арнаулы рейспен Ташкентке жеткізілді. Адасып елден кеткен, ауыр күндерді басынан кешкен азаматтарға үкімет медициналық, психологиялық, материалдық және моральдық көмек көрсетеді" деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.  


Биліктің хабарлауынша, бейбіт өмірге үйреніп, қоғамға сіңісіп кетуі үшін оларға баспана мен жұмыс беріліп, оралғандар білім беру мен әлеуметтік бағдарламаларға қатысады. 


Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан гуманитарлық операция аясында азаматтарын Қазақстан мен Тәжікстан қайтарған. 


Биыл 7-9 мамыр күндері Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілді. "Олардың 156-сы - бала, көбі мектеп жасында. Тағы 18-і бала - жетім" деп хабарлады билік. Нұр-Сұлтан бұдан бұрын, 9 қаңтарда Сириядан 47 қазақстандықтың елге қайтарылғанын хабарлаған. Биліктің дерегінше, олардың арасында "әйелдер мен 30 шақты бала" болған. 


2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған. Комитет Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда Қазақстаннан кеткен 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан. Нұр-Сұлтан Сирияда әлі 300-ден астам қазақстандық қалғанын мәлімдеген. 


30 сәуірде Тәжікстан билігі Ирактан 84 тәжік баланы қайтарған. Олар - Таяу Шығыстағы соғыс аймағында қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының қатарында болған содырлардың балалары. Олардың көбінің (43) аналары терроршыларға болысқан деген айыппен ұзақ мерзімге сотталып, Бағдад түрмесінде жазасын өтеп жатыр. 


Ресми мәлімет бойынша, 2014 жылдан бері Ирак пен Сириядағы соғыс аймағына 1900 тәжік азаматы кеткен. Олардың 300-ге жуығы қаза тапты деп саналады. Қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендердің әйелдері мен балаларын Сирия мен Ирак билігі босқындарға арналған лагерьлерге орналастырған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net